Ақтөбеде мүгедек қарияларды көсеумен ұрып, бар ақшаларын алып кеткен күдікті ұсталды
22 қаңтар, 2021 /
Анар ЛЕПЕСОВА
Ақтөбеде мүгедек қарияларды көсеумен ұрып, бар ақшаларын алып кеткен күдікті ұсталды
Ақтөбе полициясы қарақшылық жасаған күдіктіні ұстады. Ол үй иелерін ұрып-соғып, қолда бар ақшасын алып кеткен.
Полицияға белгісіз біреудің терезе арқылы кіріп, отбасы мүшелерін көсеумен ұрып соққаны туралы ақпарат түсті. Күдікті мүгедек ерлі-зайыптының ақшасын да алып кеткен.
«Зардап шеккендердің екеуі де мүгедек. Күдікті қарияларды көсеумен ұрып-соққан. Кейін 20 мың теңгені алып, қашып кеткен. Қылмысты ашу үшін жедел-тергеу тобы құрылып, полицияны барлық жасағы іздеу жұмысына жұмылдырылды. Көп ұамай 45 жастағы күдікті анықталып, ұсталды. Ол ақшаны өз қажеттілігіне жұмсап үлгерген», - деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.
Қазіргі уақытта Қылмыстық кодекстің «Қарақшылық» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Күдікті Ақтөбе қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды.