Қазақстандық депутаттардың қанша жалақы алатыны белгілі болды

Қазақстандық депутаттардың қанша жалақы алатыны белгілі болды

Қазақстандық депутаттардың қанша жалақы алатыны белгілі болды
ашық дереккөзі
Еліміздегі депутаттардың айлығы 550 мыңнан басталады. Еңбек өтіліне қарай 800 мың теңгеге дейін жалақы алатындары да бар, деп хабарлайды Еуразия бірінші арнасы. Телеарна таратқан ақпаратқа сәйкес, материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының "Тенгриньюс" ақпараттық порталына берген мәліметінде осылай делінген. Ал 2019 жылы халық қалаулылары ай сайын 684 874 теңге алып келген болатын. Айта кетейік, Мәжілістегі депутатар саны 107, Сенатта 49 депутат бар. Олардың барлығы Үкімет тарапынан тегін баспана, қызметтік көлік және өзге де жеңілдіктермен қамтамасыз етілген. Мәжілісмендердің ақы төленетін басқа да қызметтерді қоса атқаруына тыйым салынған. Бұл ережені бұзу депутаттың өкілеттігін тоқтатуға әкеп соғады екен.