Қазақтың «қазақ» атын қайтарған қайраткер

Түпқарағанда патша заманында Николаев стансасы деп аталған елді мекенге Кеңес үкіметі басшылығы халыққа ешқандай еңбегі сіңбеген Алексей Егорович Баутиннің есімін берген. А.Баутин кедей, кәдімгі қатардағы қаратабан балықшы, қызыл рота жауынгері болған. 1919 жылы көктемде Фортқа ақтардың генералы Железнов деген келіп, билікті қолына алып, біраз адамды түрмеге қамаған. Ішін­де Жалау Мыңбаев, Алексей Баутин, Андрей Ювко бар. Жер­гілікті халықтың қатты наразылығынан кейін, Ж.Мыңбаев және бас­қа адамдарды шығарған, тек Алексей Баутин мен Андрей Ювконы атқан. Байқап отырғаныңыздай, А.Баутин «жазалаушылардың былайғы жұртты қорқыту құралына айналып, қаза болған бақытсыз бір жан» ғана (Ә.Спанов «Жалау Мыңбаев», 2000 ж., 235-бет). Кеңес үкі­меті оны қолдан революционер жасаған, кент орталығына ес­керткішін орнатқан. Күні бүгінге дейін сол елді мекен Баутин есімімен аталады. Сол жер қазақ елі тәуелсіздік алғалы өзгеруі керек еді ғой. Одан да сол елді мекеннің атауын Маңғыстауға, жалпы қазақ халқына өлшеусіз еңбек сіңірген, арбакештен Қазақ АКСР Орталық атқару комитетінің төрағасына дейін көтерілген Жалау Мыңбаевтың есіміне ауыстыруды ұсынамыз.

Ардақты Ж.Мыңбаевтың ел үшін, жер үшін, адамдар үшін, әділеттік үшін күреске то­лы өмірдерегі туралы негізгі мәліметтер Әбіл­хайыр Спановтың 2000 жылы шыққан «Жалау Мыңбаев», Сейсен Демеубайдың 2005 жылы шыққан «Жалындап өткен жас ғұ­мыр» атты кітаптарында нанымды дә­лел­дер кел­тіріліп, егжей-тегжейлі баяндалған. Әбе­кеңнің жоғарыдағы еңбегінде Баутин кен­тінің атауын Жалау Мыңбаевтың атына ау­дару туралы ұсынысы бар, бірақ ол ұсы­ныс қанағаттандырылмаған.

Жалау Мыңбаев 1892 жылы Сыртқы Кас­пий облысы, Маңғыстау уезінде Форт-Алек­сандровск қаласында (қазіргі Форт-Шев­чен­ко) кедей шаруа отбасында дүниеге келді.

1905 жылы уезд орталығы Форт-Алек­сандровск қаласында үш сыныптық орыс-қазақ мектебіне оқуға түсті.

1907 жылы әкесі мен әжесі қайтыс бол­ға­­сын, анасы мен қарындастарын бағу үшін оқу­дан шығып, Саурадағы Дубскийдің ба­лық кәсіпшілігінде жүкші, кейін 1916 жылға дейін Қатықбұлақ тұз кәсіпшілігінде арба­кеш болып жұмыс істейді. Сол жылы Тұз­шы­лар кәсіподағының төрағасы болып сай­ла­нады.

1917 жылы ақпанда уездік комиссар сай­лауына Тұзшылар одағы атынан делегат бо­лып қатысады. Уақытша өкіметтің азық-тү­лік бөліміне, аштыққа қарсы күрес ко­мис­сиясына мүше болып сайланады. Сол жылы қара­шада уездік совдеп мүшесі, азық-түлік бө­лімі бастығының орынбасары болып бе­кі­тілді.

1918 жылы қаңтарда қалалық дума, әс­кери бөлім мүшесі, шілдеде қызыл рота шаруа­шылық бөлімі бастығы болды.

1918 жылы желтоқсанда «Бірлік» ода­ғының төрағасы болып сайланды.

1919 жылғы наурыз-сәуірде М.Шоқайды Крас­новодск пен Ашхабад арқылы шетелге шы­ғарып салды. Қайтарда ағылшын ин­тер­венттерінің абақтысында 14 күн қамауда бол­ды. Сол жылы мамыр-маусымда уездік ат­­ком мүшесі, оның азық-түлік бөлімі бас­ты­­ғының орынбасары, бастығы болып жұ­мыс істеді.Сол жылы шілде–қарашада Фортқа келген атаман Толстовтың Железнов бас­таған жазалаушы әскерінің далалық соты­ның үкімімен ату жазасына кесіліп, 67 күн абақтыда жатады. Жергілікті тұрғын­дар­дың қатты наразылығынан кейін ақта­лып, босатылады.

1920 жылы сәуірде уездік атком мүшесі, оның азық-түлік бөлімінің бастығы болды, сол жылы қыркүйекте уездік ревком мүшесі, рев­ком жанындағы коммуналдық-шаруа­шы­лық бөлімінің бастығы болып тағайын­далды.

1921 жылы қаңтар-тамызда уездік рев­ком мүшесі ретінде әртүрлі бөлімдерге бас­шы­лық етті.

1921 жылы қыркүйекте уездік ревком мү­шесі, уездік милиция бөлімінің бастығы кыз­метіне тағайындалды. Сол жылы қара­шада ол уездік милиция бөлімі басшылығы­мен қоса, ревком төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды.

1922 жылы қазанда Қазатком және БОАК мүшелігіне сайланды, қарашада Адай уездік ревкомы төрағасы болып бекітілді.

1917 жылдан бастап халықты азық-тү­лік­пен қамтамасыз ету жолында Ж.Мың­баев­тың жарғақ құлағы жастыққа тимей бар­маған жері жоқ шығар. Бакуге, Пол­торац­кіге (Ашхабадқа), Ташкентке, Астра­хан­ға, Петровскіге барып, елге азық-түлік, ара­сында дәрі-дәрмек жіберіп тұрып, елді аш­тықтан құтқарады. 1917 жылғы 10 жел­тоқсандағы Сыртқы-Каспий облысының азық-түлік басқармасының №15 бұйры­ғы­мен айлық кесімді жалақы мөлшеріндегі сыйа­қымен марапатталады.

1921 жылы уездік милиция бөлімінде іс­тегенде ел ішіндегі (адай мен табын ру­лары арасындағы) келеңсіздіктерді, Хорезм рес­публикасы (Жөнейт ханның қарақшы­лары) тарапынан қазақ ауылдарына жасал­ған шабуылдарын тоқтатуға, қазақ ауыл­да­рын көшкен кезде қарулы жасақ қорғап жүруін, ол үшін 1 000 адамнан тұратын жа­­сақ құрылуына қол жеткізді.

1922 жылы ревком төрағасының орын­басары болып іске кіріседі. Орталық аш­тық­қа қарсы күрес комиссиясының төрағасы Сергеев Маңғыстау уезіне норма бойынша бө­лінетін астық қорын қиырдағы Беларусь­тің Гомель қаласынан алуды жоспар­лай­ды. Ж.Мыңбаев үкімет төрағасы С.Мең­дешовке  шығып, астықты Астраханнан, бол­маса Пет­ровскіден алуды өтінеді. Ол хатқа бұрыш­­тама жазып, Сергеевке жі­бе­реді. Ол С.Мең­дешевке жіберген жауа­бын­да, уезден ко­мис­сияға тиісті есеп­тер түс­пе­ген деп, кө­мек беру­ден бас тартады. Қазақ­стан кеңес­те­рі­нің ІІІ сессиясында Ж.Мың­баев Сергев­тің бар­лық кінәсін бетіне басып, оның астам­шыл пиғылына соққы беріп, мә­селе көтерді. Осы­дан кейін уезд астықты Петровск мен Астра­ханнан алатын болады.

1923 жылы ревком төрағасы қызметіне кі­ріс­кенде уезд орталығы Форт-Урицкийдегі пош­та-телеграфы РКФСР жол қатынасы Хал­комының Астрахандағы Каспий теңізі транс­портының қарамағынан Қазақ пошта-те­леграф округіне беру туралы шешімге қол жет­кізді. Басқа да шешімін таппаған мәсе­лелерді жоғарғы органдардың алдына батыл ұсы­ныстармен шығып, шешілуіне қол жет­кізеді.

Қай жұмыста жүрсе де, халықтың қа­мын ойлады, әділетсіздікке жол бермеді.

1924 жылы қыркүйекте Орал губер­ния­лық атқару комитеті төрағасының орын­ба­сарлығына және Орта Азия мен Қазақстан­ның әкімшілік-территориялық жағынан межелеу жөніндегі айрықша комиссиясы­ның мүшелігіне тағайындалып, осы іске бел­сене қатысады.

1925 жылғы наурызда қайта құрылған бі­ріккен Бөкей губерниялық атқару ком­и­тетінің төрағасы болып бекітілді.

Сол кезде Кеңес Одағы орталық ко­ми­тетінің Қырғыз-Қайсақ аталған автономия ор­талығы болған Орынбор қаласын орыс­тарға қалдырып, ішкі қалаға ауысу туралы талабымен жаңа астана Ақмешітке келеді. Сол жерде 1925 жылы сәуірде бүкілқазақ­стан­дық Кеңестерінің V съезі өтеді. Сол съез­дің басында Ж.Мыңбаев Қазақстан ор­талық атқару комитетінің төрағасы бо­лып сайланады, өлкелік ауыл шаруа­шы­лы­ғына жәрдемдесу комитетінің және ас­та­на құрылысын салу жөніндегі комиссияның төрағасы қызметін қоса атқарады. Съезде Ақмешіт Қызылорда болып өзгереді. Бұрын ұлтжандылар қанша ұсыныс бергенмен, орын­далмай келген елдің Қырғыз-Қайсақ деген атауын Қазақ болып өзгертуге қол қояды.

Осы тарихи шешімдердің астында Қазақ үкі­метінің төрағасы Жалау Мыңбаев мен хат­шы Б.Аралбаевтың қолтаңбалары тұр. Бұл съездің Қырғыз-Қайсақты Қазаққа ау­дару туралы шешімін бекіту туралы Мәс­кеудегі Кеңес үкіметінің алдына Ж.Мыңбаев ресми түрде қойып, бекітуіне қол жеткізеді. Ж.Мыңбаев 1925 жылғы қазанда Республи­ка­­лық тұңғыш ғылыми-зерттеу орталығы – Қазатком жанындағы санитарлық-бак­те­риологиялық институтты құру туралы қау­лыға, 1926 жылы қаңтарда Қа­зақ­тың тұң­ғыш ұлттық драма театрын (бү­гінгі М.Әуе­зов атындағы) құру туралы қау­лыға қол қоя­ды. Ақпанда Қазатком Тө­ралқасының рес­публикалық тұңғыш Конс­титуциясын қабылдауға байланысты өткен мәжілісінде сөз сөйлейді. Наурызда «Наурыз» мейрамын өткізу туралы қаулыға қол қояды. Шілдеде қазақ шаруаларының тұңғыш бас­пасөз үні «Ауыл тілі» газетін шығарып, оның редак­торлық қызметін өзі атқарады. Бұрынғы Түр­кістан губерниясына қараған қа­зақтың көп жерін қайтарып алған. Ол Маң­ғыстауда істеп жүргенде Орынборға барып тұрған, сонда әнші-композитор А.За­таевичке бір­неше қазақ әнін орындап бер­ген, сол жерде оқып жүрген Маңғыстау жас­тарының
А.Затевичке ән орындап беруін ұйым­дастырған. Тағы да көптеген игі іске ұйыт­қы болды. Ұлттық-территориялық ме­же­леуден кейінгі Ж.Мыңбаевтың қол қойып бекіткен 1925-1929 жылдардағы Қазақстан шекарасы жалғанды. Ол картада Қарабұғаз шы­ға­на­ғының оңтүстігі мен оңтүстік-шы­ғыс жақ­тары бүтіндей, қазақтың ең шұ­рай­лы, шөбі шүйгін суы мол, балығы тайдай тулаған, байлығы тасып-төгілген Елек (орысша – Соль-Илецк), онымен қоса бұрын Ре­сей құрамына өтіп кеткен Жетіқара, Аққара, және Бозбие сияқты алтын өндірісі да­мыған аудандар да Қазақстан жағында. Кейін
Ж.Мыңбаев өмірден озған соң, Кеңес Ода­ғы атқару комитеті Електі алып қойды, бұ­рын Түркімен Республикасын басқарған, сол кезде Мәскеуде істейтін Н.Айтақов Қа­ра­бұғазды түгелдей Түркіменстанға қос­тырып алды. Бірақ, 1991 жылға дейін Қа­ра­бұғаздан Шағадамды (бұрын – Красноводск, қазір – Түркіменбашы) қоса алғандағы жер­лердің бәрінде қазақтар отырды, Ша­ғадамда іс-қағаздары қазақша жүрді, қазақ­ша газет шықты, басшы қызметтерде қазақ­тар болды. Сол 1991 жылдардан кейін тәуел­сіздік алған Түркіменстан сол жерге түркмендерді көбейте бастады.

Сол 1925 жылы Сталин Қазақ өлкелік пар­тия комитетінің хатшылығына Ф.Го­лощекинді жібереді. Ол келгеннен кейін «Қа­зақстанда Октябрь революциясы бол­ма­ған, бай-кулактар әлі отыр, оларды тап жауы ретінде соттау керек, итжеккенге айдау қажет, Кіші Октябрь революциясын жасау керек» дейді. Оның бұл ұсынысына әуелі бі­раз қазақтар қарсы болады, олардың уәжі: «байда 100 қой болса, оған 100 сом салық саламыз, кедейде 5 қой болса, 5 сом салық саламыз, 100 сом салық ауыр болған соң бай ма­лын азайтып, кедейлерге береді. Сөйтіп, бай мен кедейді теңестіреміз». Голощекин біраз қазақты қорқытып-үркітіп, өзінің жағына шығарып алады. Ал Жалау Мыңбаев пен Смағұл Сәдуақасов «байлардың малдары тартылып алынса, халық аштыққа ұрына­ды» деп тәркілеуге көнбейді. Тәркілеу тек Қазақ үкіметі төрағасының шешімімен іске асырылатын шара. Жалау Мыңбаев ондай қау­лыға қол қоюдан бас тартады. 1927 жыл­дың 28 наурызы мен 3 сәуірі аралы­ғында өткен Қазақстан кеңестерінің VI съезінде Ф.Го­лощекин Жалау Мыңбаевты Қазақ Орталық Атқару комитеті немесе Қазақ үкі­меті төрағасы қызметінен кетіреді. Одан кейін Голощекин өзінің айтқанынан шық­пайтын Елтай Ерназаровты Үкімет тө­ра­ғасына отырғызады. Сонда С.Сейфуллин «Бұл қазақ халқын қорлау, ел үкіметінің басына кімді отырғызғаны» деп жаны шыр­қырап аттан салған (С.Демеубай. «Жалындап өткен жас ғұмыр» «Үш қиян» баспасы, 2005 ж, 418-бет). Көп ұзамай, Е.Ерназаров тәр­кілеу өт­кізу туралы қаулыға қол қойып берді. Сөй­тіп, Қазақстанда орасан зор нәубет басталып кет­ті, халық аштан қынадай қырылды, бо­сып кетті.

1927 жылғы қарашада Өлкелік партия ко­митетінің бюросында Жалау Мыңбаевты Түр­ксіб магистралына өкіл етіп жібереді. 1928 жылғы сәуірде Гурьев округтік атқару ко­митетінің төрағалығына тағайындалады, жел­тоқсанда денсаулығына байланысты Қы­зылорда ауыл шаруашылығы басқарма­сы­ның қызметкері, 1929 жылғы сәуірде Қа­зақ өл­келік «Союзхлеб» акционерлік қо­ға­мының бас­қарма төрағасының орын­басары және «Каз­госсельссклад» кәсіпор­ны­ның дирек­торы­ның орынбасары болып та­ғайын­да­лады. 1929 жылы маусымда Голощекин Қа­зақ өлкелік партия комите­тінің бюросында Жа­лау Мыңбаевқа ешқан­дай дәлелсіз жала жауып, партиялық қатаң сөгіс береді. «Адай контрреволюциялық ұйымының» басшысы деген жала жабылып, РКФСР қылмыстық кодексінің 58-2-бабы бойынша үстінен қыл­мыстық іс қозғалады. 1929 қыркүйекте ден­саулық жағдайының әбден нашарлауына байланысты дербес зейнеткерлік дема­лы­сына шығады. 1929 жылғы қарашада нау­қасының асқынып кетуінен 37 жасында Ал­маты қаласында дү­ние салады. 1930 жы­лы қазанда ОГПУ үштігінің қаулысы бойын­ша Ж.Мыңбаевтың үстінен қозғалған қыл­мыстық іс тергеу ке­зінде қайтыс болуына байланысты тоқта­тылады.

1964 жылдың күзінде Гурьев облыстық пар­тия комитетінің бірінші хатшысы Нұртас Оңдасыновтың Маңғыстауға келіп, жер­гілікті шаруашылық басшыларымен кез­дескенде айтқан сөзі: «Жәкеңдер, шіркін, аза­мат қой. Құлақтарыңда жүрсін. Біздің Қыр­ғыз Республикасы деген атымызды өз­гертіп, қазақ атымызды алып берген сол аға­ларыңыз. Маңғыстауды Түркіменстанға бе­рілген жерінен қайта алған қызметі сірә құлақтарыңызда шығар. Одан басқа Өзбек­станмен шектес біраз жерге қазақтарды қо­ныстандырған да сол Жалау Мыңбаев ері­міз. Тіпті дендеп кеткеніміз сонша, Таш­кентке қозы өрісіндей-ақ жер қалыппыз. Мі­не, Жәкең сондай азамат болған. Ол бәрі­мізге мақтаныш». (Ә.Спан. «Жалау Мыңбаев», «Информ-Арна» баспасы, 2000ж., 233-бет).

Осы уақытқа дейін ешқандай тарихи не­месе басқа құжатта А.Баутиннің еңбегі тура­лы жазылған емес. Ал Жалау Мың­баев­тың жарғақ құлағы жастыққа тимей, қай қыз­метте жүрсе де халықтық, елдік, ела­ра­лық проблемаларды шешіп жүргені туралы жо­ғарыда жазылған кітаптардан басқа да жазылған еңбектер бар.

Жоғарыдағы елге еңбегі сіңбеген Баутин есі­мін кенттің атауынан алып, орнына на­ғыз ұлтжанды азамат, қазақтың көрнекті ме­мелекет қайраткері Ж.Мыңбаевтың атын қою ұсынысын қолдауды өтінеміз. Әділетсіз қойыл­ған есім кент атауынан алынуы тиіс!

Асылбек ДЕРБІСІН,

Маңғыстау облысы

Ақтау қаласы

Редакция таңдауы

Мемлекет басшысы Моңғолияның жаңадан сайланған президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ухнаагийн Хүрэлсүхтің Моңғолия Президенті болып сайлануына байланысты құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Akorda.kz. “Ciздi Моңғолияның Президенті лауазымына сайлануыңызбен Қазақстан халқының және...

Қ.Ясауи атындағы ХҚТУ-да TÚRKISTAN газеті жинағының таныстырылымы өтті

Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде TÚRKISTAN газеті жинағының таныстырылымы өтті. Биыл Халықаралық қазақ-түрік университетінің 30 жылдық мерейтойы. Айтулы дата қарсаңында...

Түркістан іргесіндегі іргелі бақ түркі жұртының ырысты мекеніне айнала ма?

Түркістанның іргесіндегі Ескі Ихан ауылы – ежелден алма бағымен даңқы алысқа кетіп жатқан құтты ме­кен. Қазір бағбандардың алма, алша, жү­зім, өрік, алмұрт бағы жеміс...

Бағы жанған Бьернсон

Әрине, бүгінгі күннің көзқарасы тұрғысынан қарап Нобель сыйлығының үшінші лауреаты норвегтердің ұлттық мақтанышына айналған суреткері Бьернстано Бьернсонның шығармашылығына түрлі баға беруге қақымыз бар. Иә,...
Моңғолия

Мемлекет басшысы Моңғолияның жаңадан сайланған президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ухнаагийн Хүрэлсүхтің Моңғолия Президенті болып сайлануына байланысты құттықтау...
199091592 3959947484053432 9137187900253977843 n

Қ.Ясауи атындағы ХҚТУ-да TÚRKISTAN газеті жинағының таныстырылымы өтті

Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде TÚRKISTAN газеті жинағының...
bau baksha01

Түркістан іргесіндегі іргелі бақ түркі жұртының ырысты мекеніне айнала ма?

Түркістанның іргесіндегі Ескі Ихан ауылы – ежелден алма бағымен даңқы алысқа кетіп...

Жаңалықтар

Елбасы «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ басқарма төрағасын қабылдады

Нұрсұлтан Назарбаев «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ басқарма төрағасы Алмасадам Сәтқалиев пен «Лукойл» компаниясының президенті Вагит Алекперовті қабылдады, – деп хабарлады elbasy.kz. Кездесуде мұнай-газ саласындағы...

Қаскелең Алматыға қосыла ма?

Алматы қаласы Жоспарлау және урбанистика басқармасының басшысы Алмасхан Ахмеджанов оңтүстік мегаполисті дамыту жоспары туралы айтты. Tengrinews.kz сайтының жазуынша, сәулетші Қаскелең қаласының Алматының құрамына кіруі және осы...

Мемлекет басшысының тапсырмасынан кейін екі әкім қызметінен кетті

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Солтүстік Қазақстан облысында жүргізілген тексерістен кейін екі ауданның әкімі қызметінен босатылды. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли...

LRT ісі: сотталушылардың адвокаттары мәлімдеме жасады

«Астана LRT» ісі бойынша сотталушылардың адвокаттары бірінші инстанциядағы соттың үкімімен келіспейтінін және апелляциялық шағым беретінін мәлімдеді, – деп жазды Tengrinews.kz. Жанат Нұрпейісов, Ұлықбек Ачилов пен Дәурен...

Алматы облысы: 4 оқушыны көлігімен қаққан мас жүргізуші 10 жылға сотталды

Еңбекшіқазақ ауданында болған жантүршігерлік оқиға салдарынан 9-10 жастағы екі қыз бала ауруханада көз жұмған болатын. Еңбекшіқазақ ауданындық сотының судьясы Айнұр Балтақай үкімді оқыды. Еңбекшіқазақ...

Петропавлда көшеде жалғыз жүрген екі жасар баланың туыстары іздестірілуде

Петропавлда полицейлер мен волонтерлер шамамен екі жастағы баланың туыстарын іздестіруде, – деп хабарлайды Polisia.kz. Шамамен екі жастағы балақайды кешкі сегіздерде Жұмысшы кентінен тауып алған....

Ауыл шаруашылығы министрлігіне қатысты тергеу басталды

  Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі құс фабрикаларының өтініштерін қарау қорытындылары бойынша Ауыл шаруашылығы министрлігіне қатысты мемлекеттік органның бәсекелестікке қарсы іс-қимыл белгілері бойынша тергеуді бастады. ҚР...

«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығына байқау жарияланды

2021 жылғы 20 мамырда Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығына байқау жариялады. Байқау «Әдебиет», «Ғылым», «Дизайн және...

Dragon әскери атағын жеңіп алған Даниядағы қазақ қызы

Ләйла Аюби Данияда тұрады. Ұлты – қазақ. Хольстебро қаласындағы «Ютландия айдаһар полкінің» курсант-сарбазы. Даниядағы әскери адамдарға берілетін «Айдаһар»  атағын алған жас маман. Бала күнімнен...

Жанболат Мамайдың жақтастары Azattyq Rýhy тілшісіне жұдырық ала жүгірді (видео)

Жанболат Мамай мен оның жақтастары Azattyq Rýhy ақпараттық агенттігінің тілшісіне жұдырық ала жүгірді. Бұл оқиға қоғам белсендісі өткізген баспасөз конференциясында орын алды. Баспасөз жиынына келген...

Жамбыл облысының тұрғыны құмда жылыжай салып, қияр өсіруде

Жамбыл облысындағы ең шалғай Мойынқұм ауданының тұрғыны Исағали Жұмағанбетов жылыжай салып, кәсіптің жаңа түріне ден қойды. Ол, ауа райы ыстық, жер қыртысы шөлейіт пен...

Мораторийге қарамастан кәсіпкерлік субъектілерін заңсыз тексерген

2020 жылғы 1 қаңтардан бастап елімізде профилактикалық бақылау мен қадағалауды шағын кәсіпкерлікті тексеру жүргізуге мораторий енгізілді. Ел Президенті бұл туралы Жарлыққа 2019 жылдың 26 желтоқсанында...

Шығыс Қазақстан облысы әкімінің баспасөз хатшысы тағайындалды

Шығыс Қазақстан облысы әкімінің баспасөз хатшысы қызметіне белгілі журналист Жанжігіт Омархан тағайындалды, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі. Жанжігіт Омархан Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің...

Тоқаевтың тапсырмасымен жүргізілген тексерістен соң екі әкім қызметінен кетіп, бес әкім ескерту алды

Мемлекет басшысы биылғы 24 мамырда «Казахстанская правда» газетінде жарияланған «Заложники равнодушия» атты мақалада көтерілген мәселе бойынша тексеру жұмыстарын жүргізуге тапсырма берген еді. Мақалада Солтүстік...

Маймыл үшін оқ атқан: Түркістан облысында маймыл иесі жауапқа тартылмақ

Түркістан облысында көлігіне маймыл салып алып жүрген азамат жауапқа тартылуы мүмкін. Түркістан облысының полицейлері әлеуметтік желіге мониторинг жүргізу кезінде, «Instagram» парақшаларының бірінде жол жиегіндегі электр...

Ашық аспан астындағы кітапхана

Байқоңыр ауданы әкімдігі мен Қазақстан Жазушылар одағы Нұр-Сұлтан қалалық филиалының бірлесіп, Қаламгерлер аллеясында «Ашық аспан астындағы кітапхана» шарасын өткізді. Қаламгерлердің оқырмандармен кездесу кешін халықаралық «Алаш»...

Бас санитар қазақстандықтарға үндеу жасады

Қазақстанның Бас мемлекеттік санитар дәрігері - Денсаулық сақтау министрінің бірінші орынбасары Ерлан Қиясов азаматтарды коронавирусқа қарсы вакцина салдыруға шақырды. «Вакциналау деңгейі өте төмен елдерде вирус...

Шетелдік азаматтар мен этникалық қазақтардың заңдық статусы нақты белгіленуі қажет

Өткен айда Қазақстандағы шетел азаматтары ел аумағында жүріп-тұру құқығын байланысты  Қазақстан ҰҚК Шекара қызметінің шекаралық бақылау департаменті басшысының орынбасары Мұңдаш Моллашев мәлімдеме жасаған болатын. –...

«Мектеп бітірмей жатып қылмыскер болып шықты». Түлектердің орнына ҰБТ-ға кірмек болған студенттер анықталды

ҰБТ-да төрт түлектің орнына кірмек болған ЖОО студенттері ұсталды. «Әділдік жолы» атты республикалық қоғамдық бірлестігінің атқарушы директоры Дидар Смағұлов жалған құжат жасаған түлектер мен...

150 түп ағашты кесуге рұқсат берген әкімдік қызметкерлері қандай жаза арқалайды?

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде Алматы облысы Іле ауданында 150 ағашты кесуге рұқсат берген әкімдік қызметкерлері туралы мәселе көтерілді. «Алматы облысы Іле ауданы әкімдігінің жауапты...

Мемлекет басшысы «ЛУКОЙЛ» мұнай компаниясының президентін қабылдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «ЛУКОЙЛ» мұнай компаниясының президенті Вагит Алекперовті қабылдады, – деп хабарлайды Ақорданың ресми сайты. Мемлекет басшысына мұнай компаниясының Қазақстандағы қазіргі жүргізіп...

Мәулен Әшімбаев Түркия елшісін қабылдады

Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев Түркияның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Уфук Екиджиді қабылдады, деп хабарлайды Сенаттың баспасөз қызметі. Кездесу барысында тараптар сауда, экономика,...

82 млрд теңгеге 2 млрд тал егіледі – Экология министрлігі

2025 жылға дейін ел аумағында 2 млрд тал егу жоспарланған. Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Әлия Шалабекованың айтуынша, бұл іске бюджеттен жалпы жиыны...

Қазақстанның вакцина паспорты қай елдерде жарамды?

Қазір Қазақстанның вакцина паспорты 3 елге турист ретінде кіруге жарамды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Бұл туралы Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Дастан Рыспеков орталық коммуникациялар қызметінде өткен...

Машина жасаушылар одағының төрағасы Президенттің штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалды

Мейрам Пішембаев Президентінің штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалды, деп хабарлады Қазақстан машина жасаушылар одағы. "Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен Қазақстан машина жасаушылар одағының...

Әбілхан Қастеевтің немересі: Атамның туындыларымен менде тылсым паралель бар

Ұлтымыздың ұлы тұлғаларының бірі, қылқалам шебері Әбілхан Қастеевті бүгін ұрпағы ерекше сағынышпен еске алды.Шығармашылық қадамын су бояуымен бастаған суретшінің әр картинасынан ұлттың үні, болмысы...

Қаржы саласындағы барлық қызмет электронды форматқа көшірілмек

Барлық қызмет түрі электронды форматқа көшіріледі. Бұл туралы Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Ведомствоның құрылымына тоқталсам, қазір Қаржы министрлігінің штат саны -...

Премьер-Министр құрылыс қалдықтарына арналған полигондар салуды тапсырды

Премьер-Министр Асқар Мамин құрылыс қалдықтарына арналған полигондар салуды тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Өңірлерде рұқсатсыз қоқыс үйінділерінің, соның ішінде, құрылыс қоқыстарының пайда болу себептерінің бірі –...

«Үздік аттестатты саудалаған». Шымкентте былтыр істі болған директор қайтадан бұрынғы қызметіне тағайындалды

Шымкентте №125 мектепте бір жыл бұрын сыбайлас жемқорлық бойынша үстінен іс қозғалған директор бұрынғы қызметіне тағайындалған, деп хабарлайды informburo. Ата-аналар мен мұғалімдердің айтуынша, оқушылар мен...

«Соғыспайтынымызға кім кепіл?» – Лукашенко халыққа жаппай қару қолдануды үйретуді тапсырды

Беларусь Президенті Александр Лукашенко ел халқын қару-жарақ қолдану дағдыларына үйрету керек деп санайды. Ол мұны студенттерден бастаған жөн екенін айтты. Лукашенко өзінің бастамасын "әлем...

Үндістанда муссон нөсерінің салдарынан көліктер жер астына кетіп жатыр (видео)

Үндістанда толассыз жауған муссон нөсерінің салдарынан көліктер жер астына кетіп жатыр. Бұл туралы India Today жазады. Оқиға 13 маусымда Гаткопар ауданында болған. Жергілікті тұрғындардың айтуынша,...

Шетел блогерлерін шақыруға 26 миллион бөлінген – Алматы әкімдігі себебін түсіндірді

Алматы әкімінің орынбасары Ілияс Өсеров әкімдіктің шетел блогерлерінің келуіне 26 миллион теңге бөлу туралы шешімін түсіндірді. Бұл туралы Orda.kz хабарлады. Өсеров мұны аймақтың туризміне инвестиция деп...

Өткен тәулікте 757 адамнан коронавирус анықталды

Елімізде өткен тәулікте 757 адамнан коронавирус анықталды. Аймақтар бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы - 181, Алматы қаласы - 65, Шымкент қаласы - 4, Ақмола облысы - 36,...

Новосібірде жарылыс болды: Зардап шеккендер бар

Новосібірде газ құятын станцияда жарылыс болды. Зардап шеккендердің саны 35 адамға жетті. Бұл туралы ТАСС Төтенше жағдайлар қызметі хабарлады. "Барлығы 35 адам зардап шекті, олардың 20-сын...

Атырауда жоғалған төрт бала табылды

Атырауда жоғалған балаларды  Ұлттық ұланның сарбаздары тауып, ата-аналарына табыстады. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады. 13 маусым күні сағат 22:30-да Атырау қалалық Жедел басқару орталығына екі баланың анасы...

15 маусымда тарихта қалған қандай оқиғалар болды?

1993 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Үндістан Республикасында Қазақстан Елшілігі ашылды. 1996 жылы Абай шығармаларының жинағы Иранда парсы тілінде басылып шықты. 1996 жылы Қазақстан...

17 жастағы қазақстандық боксшы әлемдік рейтингте Жәнібек пен Батырдан асып түсті

Жеңіл салмақтағы қазақстандық боксшы Еркебұлан Баққожа (3-0, 2 КО) Box.Rec тұжырымынша ең мықты проспект атанды. Ол үш жекпе-жектен кейін-ақ ең үздік бес боксшының тізіміне...

Петропавлда қызын өлгенше сабаған әйелдің ісі бойынша сот отырысы басталды

Петропавлда қызын өлгенше сабаған әйелге қатысты сот отырысы басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. СҚО-ның кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында халық арасында резонанс тудырған...

Еліміздегі су тапшылығы мәселесін шешуге Қырғыз Республикасы мен Тәжікстан көмектеспек

Қырғыз Республикасы мен Тәжікстан биылғы жазда елімізге қосымша 645 миллион текше метр су жібереді. Бұл оңтүстік аймақтардағы су тапшылығы мәселесін шешуге көмектеседі. Бұл туралы...

Министр Серік Шәпкенов наразылық білдіре келген көпбалалы аналармен неге жүздеспейтінін айтты

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов митингіге шығатын көпбалалы аналармен неге жүздеспейтінін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. "Иә, министрліктің алдына азаматтар келеді, өздерінің...

«Посткеңестік елдердің ішінде қазақстандық сот жүйесі үздіктер қатарында» – шетелдік маман

Маусым айының бас кезінде Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты дипломатиялық миссиялар мен халықаралық ұйымдардың басшылары үшін алғаш рет брифинг өткізді. Осы кездесуде «бірегей» деген сөз...

Ақтөбеде қаржы пирамидасын құрғандар бас бостандығынан айырылды

Ақтөбеде жалған акция сатқан қаржы пирамидасының ұйымдастырушылары сотталды, деп хабарлайды Orda.kz Қаржы мониторингі агенттігіне сілтеме жасай отырып. Қаржы пирамидасын ұйымдастырушылар өздерін «Unique finance» шетелдік компаниясының өкілдері...

«39 әйел, 89 бала және 36 немересі қалды». Әлемдегі ең үлкен отбасының отағасы қайтыс болды

Үндістанның Мизорам штатындағы әлемдегі ең үлкен отбасының отағасы, 76 жастағы ер адам қайтыс болды, деп хабарлайды Tengrinews.kz. Бұл туралы штаттың Бас министрі Twitter-дегі парақшасында хабарлады. Зиона...

«Тура боевик фильмдегідей»: Ақтауда газель жарылды (видео)

Жеңіл автокөлік үздіксіз ағылып жататын Ақтау – Таушық тас жолында "Газель" отқа оранды. Куәгерлер бұл оқиғаны видеоға түсіріп, оны әлеуметтік желіге жариялады. Өрт сөндірушілер келгенге...

БҒМ: 2021 жылы студенттердің шәкіртақысы 20 пайызға артады

2021 жылы студенттердің шәкіртақысы 20 пайызға артады. Бұл туралы Білім және ғылым министрлігі facebook-тегі парақшасында хабарлады. Биыл грантқа түсуді жоспарлап отырған немесе мемлекет есебінен жоғары...

Даниал Ахметов өзіне қысым көрсетіліп жатқанын айтты

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов Семей кәсіпкерлерінің шағымына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды sputnik.kz. "Бұл билікке және маған қысым көрсету арқылы негізсіз субсидия бөлуге...

40 градустық аптап ыстық болады – синоптиктердің болжамы

Еліміздің кей аймақтарында 40 градустық аптап ыстық болады. Қазгидромет синоптиктері 15-17 маусымға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Tengrinews.kz. Метеорологтардың мәліметінше, атмосфералық фронталды бөліктердің...

Әр балаға 42 500 теңге жәрдемақы төлене ме? – Министр пікір айтты

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов есеп беру кездесуінде әр балаға 42 500 теңгеден төлеу туралы сұрақ кейінгі кезде жиі қойылып жүргенін...

Жаңа оқу жылында оқушылардың демалысы қысқаруы мүмкін

Білім және ғылым министрлігі орта білім беру ұйымдарында 2021-2022 оқу жылының басталуын, ұзақтығын және демалысын бекіту туралы бұйрықтың жобасын талқылауға шығарды, деп хабарлайды zakon.kz. Жобаға...

Еліміздің 6 өңірінде қоқыс өртейтін зауыт салынады

Бұл туралы Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев халық алдындағы есептік кездесуінде айтты. «Түзілетін қалдықтардың көлемін қысқарту үшін «Waste to Energy» қалдықтарды энергетикалық...

«Кешір, анашым… Әр күнім азапқа толы болды»: өзіне қол жұмсаған бойжеткен анасы хат қалдырған

Москва-Сити тұрғын үй кешенінің 86 қабатынан құлап, мерт болған Қазақстанның тумасы Диана Белорукова VK әлеуметтік желісінде өлер алдында өзінің жағдайын айтып, анасымен қоштасқан.  Бойжеткен небәрі...

Коронавирусқа қарсы вакцинаның 60 миллион дозасы жойылады. Неліктен?

АҚШ-тағы Азық-түлік және дәрі-дәрмектер басқармасы (FDA) америкалық Johnson & Johnson коронавирусқа қарcы вакцина өндірушісінің Балтимор зауытындағы қателігіне байланысты препараттың 60 миллион дозасын жою керегін...

Шетелдік оқу орындарындағы қазақ тілін оқыту жоғары мәртебеге ие

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде «Шетелдік оқу орындарындағы қазақ тілін оқыту мен қандастарымыздың ана тілінде білім алуы» тақырыбында онлайн конференция өтті. ⠀ Шараның негізгі мақсаты - шетелдегі...

Матч кезінде жүрегі тоқтап құлаған футболист жағдайын айтты

Еуропа чемпионатының матчінде жүрегі тоқтап құлаған 29 жастағы ойыншысы Кристиан Эриксен жағдайы туралы айтты, – деп жазды «Чемпионат» басылымы. «Бәріне рақмет, мен берілмеймін. Қазір жағдайым...

Алматыда полицей көлігі жаяу жүргіншіні қағып, мерт қылды

Қайғылы оқиға 14 маусым таңғы 7:00 шамасында болған. Алатау ауданында «Хюндай элантра» маркалы қызметтік көлігінің жүргізушісі Өтемісұлы көшесімен жүріп келе жатып маневр жасаған көліктен...

COVID-19: Вакцинаның бірінші дозасын алып, ауырып қалсаңыз не істеу қажет?

№12 қалалық емхананың эпидемиологы Данара Укиеваның айтуынша, вакцинаның бірінші дозасын алған науқас ауырып қалса, екіншісін салдыру үшін алты ай күту қажет. «Егер антиденелер саны...

Коронавирус: «қызыл» аймақта бір өңір қалды

ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссиясы 2021 жылғы 14 маусымдағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жариялады....

Атырауда халықаралық іздеуде жүрген қылмыскер ұсталды

Атырау облысы полиция департаментінің мәліметінше, Атырау қаласының көші-қон қызметі бөлімінің қызметкерлері халықаралық іздеуде жүрген Өзбекстан азаматын ұстады. Ол қалада уақытша тұру үшін тіркелгісі келген....

Өткен тәулікте мыңға жуық адамнан коронавирус анықталды

Қазақстанда өткен тәулікте 967 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды, – деп хабарлайды coronavirus2020.kz. Аймақтар бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы - 215, Алматы қаласы - 96, Шымкент қаласы -...

14 маусым: атаулы күндер мен маңызды оқиғалар күнтізбесі

1995 жылы Алматыда Ғалымдар үйінде Қаныш Сәтбаев атындағы халықаралық қордың ашылу салтанаты болды. Қор президенті болып ақын Кәкімбек Салықов сайланды. 2007 жылы Сырым Датұлының...

Бүгін еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады

14 маусым күні Қазақстан территориясының басым бөлігінде атмосфералық фронталды бөліктердің өтуімен құбылмалы ауа райы сақталады: кей жерлерде найзағай, жаңбыр, бұршақ күтіледі. Еліміздің тек солтүстігі...

Венгрия, Таиланд және Моңғолия азаматтары Қазақстанға емін-еркін кіре алады

Бүгіннен бастап Венгрия, Таиланд пен Моңғолияда вакцина алғандар Қазақстанға емін-еркін кіре алады, деп хабарлайды inbusiness.kz. Бас санитар дәрігердің қаулысына сәйкес, “Қазақстан Республикасының аумағында Венгрия, Таиландия...

Қазақстан мұсылмандары қажылыққа бара ала ма?

Биыл Сауд Арабиясында тұратын 60 мың мұсылман ғана қажылық жасай алады, деп хабарлайды РИА Новости корольдіктің қажылық және умра істері министрлігінің өкіліне сілтеме жасап. "Қажылық және умра...

Қазақстанның құрметті құрылысшысы Ұзақбай Мамин дүниеден өтті

Премьер-Министр Асқар Маминнің әкесі, Еңбек ардагері, Қазақстанның құрметті құрылысшысы және Ақмола облысының құрметті азаматы Ұзақбай Жапарұлы Мамин дүниеден өтті, - деп хабарлайды Sputnik.kz. Ұзақбай Мамин...

EURO-2020: Англия құрамасы турнирді жеңіспен бастады

Англия құрамасы футболдан Еуропа чемпионатының топтық кезеңінде әлемнің вице-чемпионы Хорватиядан басым түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Лондондағы "Уэмбли" стадионында өткен матчтің 6-минутында ағылшындар есеп ашуға жақын...

Мемлекет басшысы Моңғолияның жаңадан сайланған президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ухнаагийн Хүрэлсүхтің Моңғолия Президенті болып сайлануына байланысты құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Akorda.kz. “Ciздi Моңғолияның Президенті лауазымына сайлануыңызбен Қазақстан халқының және...

Еліміздің 10 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Синоптиктер Шығыс және Батыс Қазақстан облыстары, Ақмола, Түркістан, Маңғыстау және Ақтөбе аймағында найзағай ойнайды деп болжап отыр. Ал Қызылордада шаңды дауыл көтеріледі. Сондай-ақ бұл аймақта...

Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан тағы 14 адам қайтыс болды

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус пен пневмониядан өткен тәулікте қайтыс болған адамдар туралы мәлімет таратты. Қазақстанда 13 маусымдағы жағдай бойынша, бір тәулікте 14 адам...

Димаш Денис Тенді еске алды: «Ұйқың тыныш болсын, менің аңыз досым!»

Бүгін қазақстандық атақты мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің туған күні. Димаш Құдайберген осы күнге орай Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында марқұм спортшы жайлы жазды. «Бүгін біздің...

Қазақстанда коронавирусқа шалдыққан 528 науқастың жағдайы ауыр

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус инфекциясына шалдыққан науқастар туралы мәлімет ұсынды. Елімізде коронавирус инфекциясынан 21 413 адам (20 281 КВИ+ және 1132 КВИ-) емделуде, олардың...

Кадрлық ауыс-түйіс: Қазақстанда апта ішінде болған тағайындаулар

Осы аптада,  7-13 маусым аралығында еліміздің Жоғарғы сотында, министрліктерде және өңірлерде бірқатар кадрлық ауыс-түйіс болды,  деп хабарлайды ҚазАқпарат. Апта басында Денис Шипп Қазақстан Республикасы...

Ғарышқа ұшу билеті аукционда 28 млн. долларға сатылды

Amazon компаниясының негізін қалаушы Джефф Безоспен бірге ғарышқа ұшу билеті 28 миллион долларға сатылды, деп жазды ҚазАқпарат. Бәссаудаға қатысуға 159 елден 7600-ге жуық адам...

Астананың екі тұрғыны көшеде әйелдердің алқасын жұлып әкетіп отырған

Нұр-Сұлтан қаласының тәртіп сақшылары бірнеше мәрте ұрлық жасаған екі ер адамды ұстады. Олар кешкі уақытта әйелдерді аңдып, алтын алқаларын жұлып әкетіп отырған, деп хабарлайды...

Түркістан облысында жоғалған туристер: тағы бір адамның мәйіті табылды

Түркістан облысында жоғалған туристердің бірінің мәйіті Сайрам-Өгем шатқалынан табылды. «2021 жылғы 12 маусымда Өгем өзені көпірінің сол жағынан Азартеке жотасына дейінгі бағытты тексеру барысында Республикалық...

Мөлдір Жаңбырбай Олимпиада ойындарына лицензия жеңіп алды

Каратеден Қазақстан құрамасының мүшесі Мөлдір Жаңбырбай ел қоржынына кезекті жолдаманы салды,– деп хабарлайды Olympic.kz. Ол Парижде өтіп жатқан лицензиялық додада күміс жүлдегер атанды. 55 келіге...

Жыл басынан бері Қазақстанда қылмыс 2,5 пайызға азайды – министр

Жыл басынан бері елдегі қылмыс 2,5 пайызға азайды. Бұл туралы Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев мәлімдеді.  – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының нақты тапсырмасы бар. Әрбір...

Қарағанды облысында шетел азаматының телефонын тартып алған күдікті ұсталды

Қарағанды облысында шетелдіктің телефонын тартып алған күдікті ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz. 10 маусым күні Қарағанды облысы, Саран қалалық полиция бөліміне қаладағы көп қабатты...

2021 жылы білім беру гранттарының саны 5 мыңға артады

2021 жылы білім беру гранттарының саны 5 мыңға артады. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Білім және ғылым...

Министр боксшыларға: Қазақ бокс мектебі әлем мойындаған мықтылар ордасы екенін тағы да паш еттіңіздер

Қазақстан Республикасының Мəдениет жəне спорт министрі Ақтоты Райымқұлова 21-31 мамыр аралығында Біріккен Араб Əмірлігінің Дубай қаласында өткен бокстан Азия чемпионатында жеңіске жеткен жəне жүлдегер...

Шымкент тұрғыны 5 миллион теңгеге 380 тонна күріш алып, ақшасын төлемей кеткен

Шымкентте алаяқ тұрғынның бес миллион теңгеге күрішін иемденіп кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz. Шымкент қаласы Полиция департаменті Еңбекші ауданы Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған....

Қазақстанда бір тәулік ішінде 1118 адам вирус жұқтырды

Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 1118 жағдай тіркелді. Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 400 214-ке жетті. Оның ішінде: Нұр-Сұлтан қаласы - 286, Алматы қаласы...

Елімізде электросамокатпен жүруге шектеу қойылуы мүмкін

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев 11 маусымда халыққа есеп беру жиынында елде электросамокатпен жүруге шектеу қойылуы мүмкін екенін айтты. «Жол қозғалысы туралы заңда самокат...

Биыл студенттердің, магистранттар мен докторанттардың шәкіртақысы өседі – министр

2021 жылы студенттердің шәкіртақысы 20 пайызға, магистранттар мен докторанттардың стипендиясы 15 пайызға өседі. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифингте...

Біз мектеп түлектерінің тілектеріне түсіністікпен қарадық – Асхат Аймағамбетов

Еліміздің 11-сынып түлектеріне арналған аттестаттарды тапсыру салтанаты 12-14 маусым аралығында өтеді. Іс-шара ашық алаңда өткізіледі. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің...

Енді автобус жолақтары кептеліс кезінде ғана қоғамдық көлікке арналады

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Қазақстан жолдарындағы Bus lane жолақтарының қалай жұмыс істейтінін айтты. Ол бұл жөнінде Орталық коммуникациялар қызметінде өткен жиында баяндады. «Кейбір көшелерде...

Аймағамбетов күзде мектептер ашылады деп үміттенеді

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов жаңа оқу жылында мектептерді ашу жөнінде пікір білдірді. Бұл жөнінде ол Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында айтты. «Ең...

Демалыс күндері ауа райы қандай болады – Қазгидромет

Қазақстанда демалыс күндері күн суытады. «Қазгидромет» синоптиктері 12-14 маусымға арналған ауа райы болжамын ұсынды. Метеорологтардың айтуынша, Қазақстанның оңтүстік аймақтарында жылы және құрғақ ауа массалары ауа...

Машинист жағымсыз иіс сезген: Алматыда теміржол маңынан ер адамның мәйіті табылды

Түрксіб ауданында теміржол маңынан ер адамның мәйіті табылды. Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, Локомотив машинисі жағымсыз иіске шағымданған. «Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері бұталардың арасынан ер...

Түркістан облысында жоғалған туристерді іздеу жұмысы: ТЖМ жаңа мәлімет берді

Кинологиялық есепті қоса алғанда 10 адамнан тұратын республикалық жедел-құтқару жасағының (РЖҚЖ) жеке құрамы, Түркістан облысының тауларында іздестіру-құтқару жұмысын жалғастыруда. 10 маусым күні Өгем арнасының бойындағы...

Хабарсыз кетіп, қаза тапқан қазақстандық жауынгерлердің сүйегі туыстарына тапсырылды

Елордадағы Қазақстан Қарулы Күштері Ұлттық әскери-патриоттық орталығында Ұлы Отан соғысындағы ұрыс алаңдарында қаза тапқан қазақстандық жауынгерлердің туыстарының қатысуымен іс-шара өтті. Іздестіру топтарының жұмысының арқасында...

Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі: Алматы бойынша жаңа басшы тағайындалды

Мұрат Ахметов ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің басшысы болып тағайындалды. Жаңа басшыны ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Марат...

Илон Маск Қазақстанға сәлем жолдады

Tesla және SpaceX компанияларының басшысы америкалық миллиардер Илон Маск Қазақстанға сәлем жолдады. Видеоны бизнесмен, блогер Бейбіт Әлібеков Telegram-арнасында жариялады. Илон Маск Tesla Motors қызмет көрсету...

«Грузия полициясымен тығыз байланыстамыз» – министр Әсел Айтпаеваның өлімі туралы

ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев 26 жастағы Әсел Айтпаеваның Грузияда қаза болуы жөнінде пікір білдірді. «Осы қылмыстық іс бойынша бізде бірқатар тергеу жұмысы жүргізіліп,...

«Ештеңе айта алмаймын»: министр Аяжан Еділованың өліміне қатысты пікір білдіре алмады

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев алматылық 19 жастағы Аяжан Еділованың өліміне қатысты пікір білдірді. «Бұл тергеудің егжей-тегжейін айта алмаймын, себебі іс Алматы қаласының арнайы прокурорларының...

«Жұлдызбен бір сахнада» жобасының жаңа концерті өтті

«Жұлдызбен бір сахнада» атты жаңа жобаның үшінші концертін «Qazaq Quintet» өнер ұжымы ұсынды. Қазақконцерттің 60-шы мерейтойлық маусымына арналған бұл концерт көрермен қауымның зор ықыласына...

Полицейлер жаңа форма киеді – министр

Жыл соңына қарай Қазақстандағы патрульдік полицейлер мен учаскелік инспекторлар жаңа формаға ауысады. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев айтты. «Жыл соңында көшеде қызмет...

Хабиб Нурмагомедов Алматыға келеді

UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедов Алматыға келеді. Ол аралас жекпе-жектен өтетін халықаралық турнирдің қонағы болады. Іс-шара 18 маусымда «Almaty Arena» кешенінде өтеді. Кештің басты жекпе-жегінде Шамиль...

Әлем картасында бесінші мұхит пайда болады

Ұлттық географиялық қоғам Атлант, Тынық, Үнді және Солтүстік Мұзды мұхиттардан кейінгі бесінші жаһандық мұхит – Оңтүстік мұхитты ресми түрде жариялады, деп хабарлайды National Geographic. Бұл...

Бір адам мерт болды: жамбылдық азамат өзіне оқ атқандарды көлігімен қуған

Жамбыл облысында ер адам өзіне оқ атқандардың артынан көлікпен қуып, жол апатын жасады. Бір адам қаза болды. 9 маусым күні кешке Меркі аудандық полиция бөліміне...

Түркістан облысында көшеде қару ұстап жүрген ер адам ұсталды

Түркістан облысында көшеде жүрген ер адамнан қару табылды. Оқиға Келес ауданында болған. Аудандық полиция бөлімінің жедел уәкілі Рамазан Шалқар «Қару» рейді аясындағы кезекшілігі барысында автотұрақтардың...