Орысшада – көп, қазақшада – біреу-ақ

Орысшада – көп, қазақшада – біреу-ақ

Орысшада – көп, қазақшада – біреу-ақ
ашық дереккөзі
Парламенттің қос палаталарының қа­тысуымен – С участием обеих палат Пар­ламента. Бұл – қазіргі қазақ тіліндегі ең жиі кез­десетін, орыс тілінің ықпалымен туын­даған қателердің бірі. Сан есімнен кейін зат есімді көпше түрде қолдану. «Бір-екі қателер» дейді бәрі, онысы орыс тіліндегі «Пара ошибок». «Бірнеше адамдар» – «Несколько человек» Қазақ тілінің ережесінде сан есімнен жә­не сан мәнін білдіретін сөздерден (бір­­неше, көп, бірқатар және т.б.) кейін тұр­ған есім сөздер тек жекеше түрде қол­данылады. Орыс тілінде «Пятнадцать ошибок» бол­са да, қазақ тілінде ол «он бес қа­те­лер» емес, «он бес қате» болады. «1 098 голосов» болса да, қазақ ті­лін­де «1 098 дауыстар» емес, «дауыс» қана болады. Сондай-ақ орыс тілінен калька­лан­ған осыған ұқсас қатенің бірі – «қанша?» де­ген сұрау есімдігінен кейін сөзді көп­ше түрде қолдану: «Қанша қызметкерлеріңіз бар?» – «Ско­ль­ко у вас сотрудников?». Қазақ ті­лін­­де «Қанша қызметкеріңіз бар?» болуы ке­рек. Мен бірнеше жұмыстарды атқара­мын – я выполняю несколько работ – мен бірнеше жұмыс атқарамын. Вакцинаны бірінші болып 100 мың ме­дицина қызметкерлері қабылдайды – «100 мың медицина қызметкері» болуы керек. Екі балаларым бар – «екі балам» болуы керек. Осыған ұқсас тағы бір қате – «кез кел­ген» деген сөзбен есім сөзді көпше түр­де тіркестіру. Орыс тіліндегі «любые работы» де­генге сүйеніп, «кез келген жұмыстар» дей­міз, ал қазақ тілінде «кез келген» де­ген соң сөз тек жекеше түрде қолда­ны­лады. Неге бұлай демеңіздер, қазақ тілінің та­биғаты сол.

Назгүл ҚОЖАБЕК