Алдағы үш күнде еліміздің солтүстігінде -40 градусқа дейін аяз түседі
Алдағы үш күнде еліміздің солтүстігінде -40 градусқа дейін аяз түседі
«Қазгидромет» РМК алдағы үш күнге жасалған ауа райы болжамын жариялады.
«Салехард аудандарынан суық антициклон Қазақстанның ауа райына әсер етеді. Жауын-шашынның тоқтатылуы және ауа температурасының төмендеуі күтілуде: оңтүстік аймақтарда -10...-20℃ дейін, солтүстік аймақтарда -32...-40℃ дейін. Еліміздің кей жерінде тұман және желдің күшеюі күтіледі», – делінген хабарламада.