Жаңалықтар

Мәслихат мандатын алған қандастардың қарасы көп

ашық дереккөзі

Мәслихат мандатын алған қандастардың қарасы көп

Естеріңізде болса, былтыр дәл осы қаңтар айында «Nur Otan» партиясының жиынында cөйлеген сөзінде Елбасы Н.Назарбаев: «Келесі сайлауда жергілікті мәслихаттарға қандастарымызды көптеп тарту керек» деген болатын. Партия Лидері айтқан бұл жай ғана сөз емес, партияластарына берген тапсырма еді. Өйткені бұл жолғы сайлауда шетелден көшіп келіп, қоғамдық өмірге әбден сіңісіп, әртүрлі қызмет саласының біраз сатысынан өткен қандастар көптеп бақ сынады. Бұған дейін қандастар арасынан шық­қан об­лыстық, қала және аудандық мәс­ли­хат­тарда бар-жоғы 10 шақты ғана де­путат бар еді. Мәселен облыс, қала, аудандық мәс­ли­хатының тарихында Моңғолиядан кө­шіп келген қандастар арасынан Нұртай Ті­­леужан ШҚО Ұлан аудандық мәслихат де­путаты болып 4 рет сайланды, Айбек Хоршат СҚО Ақжар аудандық мәслихат депутаты бо­лып 2 рет сайланып, мәслихат хатшысы бол­ды. Сондай-ақ, Моңғолияның Қобда ай­ма­ғынан көшіп келген Әділ Райымбек 2000-2004 жылдары «Асар» партиясының атынан Пав­лодар облысы Аққулы ауданында мәс­ли­хат депутаты болды. Ал Қытайдан келген қандастар ара­сы­нан Алматы облысы, Талғар ауданы­ның мәслихат депутаты болып  айтыскер ақын Әбдіғани Бәзілхан сайланған еді. Со­нымен қатар, Қазақстан Президентінің жа­нын­дағы Адам құқықтары жөніндегі ко­мис­сиясының сарапшысы, «Ерке-Нұр» ком­па­ния­сының төрайымы, белгілі стилист-мо­дельер Фарида Мерхамитқызы Алматы қа­ла­сының мәслихат депутаты болып бірнеше мәрте сайланған. Биылғы сайлауға қатыспа­ды ма, де­путаттар тізімінен бұл кісілер көрін­беді. Жақында өткен сайлауда «Nur Otan» партиясының атынан түскен де­пу­таттар ішінде атажұртқа қоныс аударған қандастарымыздың саны біршама. Атап айтар болсақ, Моңғолия елінен кел­ген қандастар арасынан Ақмола облысы  бойын­ша Нұргүл Жұмкей – Шор­тан­ды ау­дан­дық мәслихат депутаты; («Ақ жол» пар­тиясынан сайланды), Қайрым Кәбар – Степ­ногорск қалалық мәслихат депутаты. Пав­лодар облысы бойынша Жарқынбек Амантай – об­лыстық мәслихат депутаты, Болат Заут – Пав­лодар қалалық мәслихат депутаты, Әбу-Дәуіт Займолда – Ақтоғай аудандық мә­с­ли­хат депутаты, Радат Айдолда – Шарбақты ау­­дандық мәслихат депутаты, Төлеген  Қадыр – Баянауыл аудандық мәслихат депутаты. ШҚО бойынша Маржан Бақыт – облыстық мәслихат депутаты, Әскерхан Қуанбай – қа­лалық мәслихат депутаты, Нұртай Тілеужан – Ұлан аудандық мәслихат депутаты. Алматы қа­ласынан Нұрымбек Тау – қалалық мәсли­хат депутаты. Қостанай облысы бойынша Бер­денбек Қайрат – Лисаковск қалалық мәс­лихат депутаты, Мешіт Қазезұлы – Қостанай ау­дандық мәслихат депутаты («Ақ жол» пар­тиясынан сайланды), Наташа Жұпар Фе­доров­ка – аудандық мәслихат депутаты. Қа­ра­­ғанды облысы бойынша Аманжол Ті­леубек – Шахтинск қалалық мәслихат депутаты. СҚО бойынша Айбек Хоршат – Ақжар аудан­дық мәслихат депутаты (2 рет сайланған және мәслихат хатшысы), Латив Батес – Тайын­ша аудандық мәслихат депутаты, Ла­шын Кәкім Тимирязев аудандық мәслихат депу­таты болып сайланған. Ал Қытай елінен келген қандастар ара­сынан биылғы сайлауда Мамыр­бек Бірлік – Шығыс Қазақстан облысы Зай­сан ауданынан және  Қадырсұлтан Нүсіпхан  Алматы облысы Алакөл ауданынан депу­тат­тық мандатқа ие болды. Жоғарыда аты атал­ған мандат иелерінің барлығы дерлік «Nur Otan» партиясының атынан сайланған. Алматы облысы Алакөл аудандық мәслихатының депутаты:

Жауапкер­ші­лі­гі мол жүк­ті кө­теруге бел байладым

– Мен Қытай елі­нің Алтай айма­ғы Шің­гіл ауданы­нан көшіп келдім. Ата­жұртқа ке­ліп, алғаш жауапкершілігі мол жүк­ті көтеруге бел байлап отырмын. Халық пен билік ара­сындағы алтын көпір болу ба­қы­ты мен боры­шы мойнымызға ілінді. Сенім біл­діріп, ала­маннан атымды күткен барша ағайынға ал­ғысым шексіз. Жауапкершілікті түсінемін. Елдің ер­теңі үшін, адал еңбек етуге барым­ды саламын де­ген сенімдемін. Кеше ғана атажұртын аңсап, ар­ман қуып  келген қан­да­сын шетке қақпай, ара­ларына алып, ақ жол ті­леп жатқан ел аға­ларына және партияға мың алғыс. Бөркімді аспан­ға атып, атақ-абы­рой үшін  масаттан­ғаным жоқ, керісінше ар­­қам­­дағы жүктің салма­ғы мен жауап­кер­шілік үшін аса маңызды қа­дам басуға тура келіп отыр­ғанын сезіндім. Ендігі мақсат – көшбасшы партияның  бағдарламалары негізінде халық мүд­десіне бағытталған ілкімді іс атқару. Ел эко­номикасының, мәдениетінің табысты қа­даммен алға басуына өз үлесімді қосу. Сон­дай-ақ, шеттен келген ағайын үшін көші-қон мә­селесін қолға алу. Шыны керек, соңғы жыл­дары көші-қон бәсеңдеп қалды. Шеттен кө­шіп келетіндерге қарағанда, қайта шетелге көшіп кеткісі келетіндерге жол ашық секілді. Тіпті, ел ішінде Қазақстан азаматтығын алу мә­селесі де біршама қиын екені жасырын емес. Қағазбастылық пен жең ұшынан жалғасқан жемқорлықтың жүріп жататыны бар. Қандастардың ортаға бейімделуі мен құ­жаттарын ойдағыдай заңдастырылуы, жер және үй алуға, тіл үйренуіне де ақпараттық қол­дау көрсетілуі тиіс. Міне, қастерлі Тәуелсіздігімізге 30 жыл толды. Тәуелсіздігімізбен құр­дас өрімдей ұл-қыздарымыз бүгін атпалдай азамат болып, ел ісіне араласып отыр. Бұл да маң­дайымызға біткен бақыт. Мәңгілік елдің ір­гетасын бірге қалайық. Осы жолда тек ман­дат алғандар ғана емес, ел болып бірге атса­лысуға шақырамын.