Карантин: Теңіз кенішінде шектеу шараларының мерзімі ұзартылды

Карантин: Теңіз кенішінде шектеу шараларының мерзімі ұзартылды

Карантин: Теңіз кенішінде шектеу шараларының мерзімі ұзартылды
ашық дереккөзі
Атырау облысы Бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысына сәйкес, Теңіз кенішінде карантиндік шектеу шараларының мерзімі ұзартылды. «Теңіз кен орнында карантиндік және шектеу шаралары эпидемиологиялық жағдай тұрақталғанға дейін ұзартылсын», – делінген құжатта. Сондай-ақ, «Теңізшевройл» ЖШС-ға, Теңіздегі жедел штаб пен мердігерлік ұйымдардың, басқа да кәсіпорындар басшыларына COVID-19 ошақтарын оқшаулау бойынша нақты іс-шаралар жоспарын әзірлеу, коронавирустың симптомсыз түрін жұқтырған науқастарды оқшаулау үшін Теңіз кен орнында қосымша карантиндік орындар ашу, шектеу және карантиндік шараларды қатаң түрде жүзеге асыру, вахтаға кірер алдында жұмысшыларды орналастыру үшін ұйымдастырылған карантиндік орындарды талапқа сай сәйкестендіру міндеттелген.