Жел, бұрқасын, көктайғақ: бүгін республиканың басым бөлігінде қар жауады – Қазгидромет
Жел, бұрқасын, көктайғақ: бүгін республиканың басым бөлігінде қар жауады – Қазгидромет
22 қаңтар күні республиканың басым бөлігінде қар және қар аралас жаңбыр жауады, кей жерде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын, екпінді жел сақталады. Оңтүстік, оңтүстік-шығыста желдің жылдамдығы 30 м/с және одан асуы ықтимал, – деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.
Жамбыл, Түркістан облыстарының кей жерінде тұман, бұрқасын, көктайғақ болады. Желдің екпіні 23-28 м/с, жекелеген аудандарда 30 м/с және одан жоғары болуы мүмкін.
Шығыс Қазақстан облысының кей жерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі. Желдің күші 23-28 м/с, жекелеген аудандарда 30 м/с және одан жоғары күшеюі ықтимал.
Қарағанды облысының кей жерінде жаяу бұрқасын, тұман болады. Желдің екпіні 25 м/с артады.
Алматы облысының кей жерінде тұман, көктайғақ, күндіз желдің күші 25 м/с жетуі ықтимал.
Ақмола, Қостанай, Қызылорда облыстарының кей жерінде жаяу бұрқасын, тұман болады. Қызылорда, күндіз Ақмола облыстарының кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді.
Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Батыс Қазақстан, Атырау облыстарының кей жерінде тұман болжанады.
Атырау облысында күндіз кей жерде көктайғақ, Павлодар облысында күндіз кей жерде жаяу бұрқасын, жел 15-20 м/с күшейеді.