Жел, бұрқасын, көктайғақ: бүгін республиканың басым бөлігінде қар жауады – Қазгидромет

Жел, бұрқасын, көктайғақ: бүгін республиканың басым бөлігінде қар жауады – Қазгидромет

Жел, бұрқасын, көктайғақ: бүгін республиканың басым бөлігінде қар жауады – Қазгидромет
ашық дереккөзі
22 қаңтар күні республиканың басым бөлігінде қар және қар аралас жаңбыр жауады, кей жерде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын, екпінді жел сақталады. Оңтүстік, оңтүстік-шығыста желдің жылдамдығы 30 м/с және одан асуы ықтимал, – деп хабарлады «Қазгидромет» РМК. Жамбыл, Түркістан облыстарының кей жерінде тұман, бұрқасын, көктайғақ болады. Желдің екпіні 23-28 м/с, жекелеген аудандарда 30 м/с және одан жоғары болуы мүмкін. Шығыс Қазақстан облысының кей жерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі. Желдің күші 23-28 м/с, жекелеген аудандарда 30 м/с және одан жоғары күшеюі ықтимал. Қарағанды облысының кей жерінде жаяу бұрқасын, тұман болады. Желдің екпіні 25 м/с артады. Алматы облысының кей жерінде тұман, көктайғақ, күндіз желдің күші 25 м/с жетуі ықтимал. Ақмола, Қостанай, Қызылорда облыстарының кей жерінде жаяу бұрқасын, тұман болады. Қызылорда, күндіз Ақмола облыстарының кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Батыс Қазақстан, Атырау облыстарының кей жерінде тұман болжанады. Атырау облысында күндіз кей жерде көктайғақ, Павлодар облысында күндіз кей жерде жаяу бұрқасын, жел 15-20 м/с күшейеді.