Зейнетақы жинағын баспана үшін пайдалану ережелері жарияланды

22 қаңтар, 2021 / Асыл ТҰМАР
ашық дереккөзі
Зейнетақы жинағын баспана үшін пайдалану ережелері жарияланды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі зейнетақы төлемдерін тұрғын үй жағдайларын жақсарту үшін пайдалану ережелерін жариялады. 21 қаңтар күні бекітілген құжаттың толық мәтіні zan.gov.kz сайтында орналастырылды. Тұрғын үй жағдайын жақсартқысы келетіндер біржолғы зейнетақы төлемін келесі мақсаттарға пайдалана алады: Айта кетейік, ҚР азаматтары біржолғы зейнетақы төлемдерін аталған мақсаттарға шектеусіз пайдалана алады. Сондай-ақ біржолғы зейнетақы төлемін алушының жұбайы (зайыбы) және (немесе) жақын туыстары атынан өтініш берушіге (-лерге) тиесілі біржолғы зейнетақы төлемдерін аталған мақсаттарға пайдалануға рұқсат берілген. Ол үшін тараптар жеке кабинетте біржолғы зейнетақы төлемдерін беру туралы келісім жасасады. Келісім олардың ЭЦҚ немесе некені (ерлі-зайыптылықты) немесе туыстық қатынастарды растайтын құжаттарды қоса бере отырып, уәкілетті оператордың ішкі құжатында белгіленген өзге де электрондық тәсілмен куәландырылады. Мәлім болғандай, жеке меншікте тұрғын үйдің болуы біржолғы зейнетақы төлемін пайдалануға рұқсат беруден бас тарту үшін негіз бола алмайды. Алайда, зейнетақы шотындағы қаражат қолма-қол ақша ретінде берілмейді. Ескертіліп өткендей, жылжымайтын мүлікті өзінің жұбайынан (зайыбынан), жақын туыстарынан сатып алуға болмайды. Бұдан бөлек, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен сот шешімі бойынша жылжымайтын мүлікті өткізу жағдайларын қоспағанда, біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалана отырып 5 (бес) жыл ішінде меншікке ресімделген жылжымайтын мүлікті өткізуге жол берілмейді.