Қазақ әдебиетінде ілгерілеушілік те, іркіліс те бар

Қазақ әдебиетінде ілгерілеушілік те, іркіліс те бар

Қазақ әдебиетінде ілгерілеушілік те, іркіліс те бар
ашық дереккөзі
Әдебиеттің қоғамдағы рөлі ерекше. Ол әрдайым заман өзгерістерін ұғындырып, адам санасын тәрбиелеп отырады. Ұлттық ақыл-ойдың азат­тық алғанына 30 жылдан асқанда осы кезең ішінде сөз өнерін­де «Неге қол жетті, не жасалмады және бо­ла­шақ­та оның дамуы қалай болады?» деген сұраққа жауап іздеу – заң­ды нәрсе. Біз осы тарапта айтары бар үш қаламгерге сауал қойып, жауабын тыңдап көрдік.  width= Байбота ҚОШЫМ-НОҒАЙ, ақын: Тәуелсіздік кезеңінде жарық көрген туындылардың ішінде сүбелісі аз – Еліміз тәуелсіздік алған кез­ден бергі жерде қазақ әдебиеті бұрын­ғы қарқынынан айырылып қал­ғандай күй кешті, оның сан түр­­лі себебі бар. Біріншіден, Кеңес өкіметі құлағаннан кейін оның идеологиясы да өзімен бір­ге кел­меске кетті. Бұл жағдай жет­піс жыл­дан аса уақыт идеоло­гия құра­­лы ретінде қызмет атқар­ған әде­биетті бір сәт есеңгіретіп тас­та­ғандай-тын. Социалистік реа­лизм­нің шаблонына үйреніп қал­­ған әдебиетке қысқа уақыт­тың ішін­де өзгеру, жаңа бағыт табу қиын болды. Заман өз­­гергенде жауынгер жанрлар­дың алға шы­­­ғып ке­те­тіні бел­гілі ғой, тәуел­­сіздік­тің елең-алаңын­да да көркем әде­биет­тен гөрі халыққа публицистиканың жа­­қындау болғаны рас. Публицизм про­­заны да, поэ­­зияны да бірдей шар­­пыды. Де­генмен әдебиет көші тоқ­тап қалған жоқ. Тәуелсіздіктің алғашқы отыз жылында көркем әдебиет са­ласында жарық көрген кітаптар­дың санына қарасақ, көңіл көн­шір­лік деп айтуға болады, бірақ олар­дың көбі оқырман қауымға бұрын­нан мәлім қайта басылымдар еді. Әр­түрлі баспалардан «Атамұра кі­тап­ханасы», «Қазіргі қазақ поэ­зия­сы», «Қазақ прозасы қазынасынан» т.б. серия­лар­мен тоғытылып шыққан сан алуан кітап­тар мен көптомдықтардың бә­рі де қайта басылған болатын. Сол сияқты «Атырау ақын-жазу­шы­лары­ның кітапханасы», «Сырдария кі­тап­ханасы», «Маңғыстау ақын-жа­зу­шыларының кітапханасы» т.с.с. бірнеше өлкеден шыққан ондаған, жүз­деген кітаптың түгелге жуығы бұ­рын жарық көрген шығармалар. «Қа­зақтың жүз романы» серия­сымен шыққан кітаптардың да, «Қазақ поэмалары» атты көптом­дық­қа енген туындылардың да ара­сында жаңадан жазылғандары мүл­дем жоқ. Тек «Отырар кітап­ха­на­сы» сериясымен басылып шық­қан жүзден аса кітапты жаңа шы­ғар­малар еді десек, қателесе қой­маспыз. Бірақ ол кітаптардың ішін­де бірлі-жарым тәуір дүниелер бол­ғанмен, әдебиетіміздің мерейін көтерер сүбелі туындылар тым аз еді. Дегенмен поэзияда Мұхтар Ша­хановтың «Өркениеттің адасуы» ат­ты өлеңмен жазылған романы, Те­мірхан Медетбектің «Көктүріктер сарыны», Мейірхан Ақдәулетұлы, Ты­ныштықбек Әбдікәкімов, Свет­қали Нұржан, Гүлнәр Салықбай се­кілді талантты ақындардың жыр кі­таптары, прозада Молдахмет Қа­наз­дың «Кек» кино-хикаяты, Мұх­тар Мағауиннің «Жармақ» романы, Төлен Әбдіковтің «Парасат май­даны», Тынымбай Нұрмаған­бетов­тің «Мешкей» хикаяттары, Тұрыс­бек Сәукетаевтың «Мен – жындымын» ро­маны, Тұрсынжан Шапайдың әң­гімелері секілді туындыларды ерек­ше атап өтуге болады. Бұлардан бас­қа да жазылған, басылып шық­қан әңгіме-хикаяттар, романдар аз емес. Бірақ олардың көбі жоғарыда аталған авторлардың шығарма­лары­мен шендестіруге келе бер­мей­ді. Тәуелсіздік кезеңінде туған, пі­шіні өзгеше жаңаша стильмен жа­зыл­ған қазақтың көрнекті жазу­шы­сы Сайлаубай Жұбатырұлының «Абыр­жы» трилогиясы қазақ әдебиетінің тәуелсіздіктің алғашқы жыл­дарындағы ең елеулі табысы деуге тұрарлық шығарма болды. Өкі­ніштісі сол, ұлт әдебиетіне олжа сал­ған туынды әдебиетшілер мен сын­шылар тарапынан өзінің лайықты бағасын ала алмады. Ол түгілі Мемлекеттік сыйлыққа ұсы­нылған кезінде сыйлық беру жө­нін­дегі мемлекеттік комиссия «Абыржыны» алғашқы кезеңде-ақ құла­тып жіберді. Бұл енді шынайы әде­би туындыларды бағалауда әлі де әді­леттілік таныта алмай жатқа­ны­мыздың көрінісі тәрізді. Дегенмен бүгін­гі қазақ әдебиеті есін жиып, жан-жаққа көз тастап, өзге озық әде­биеттердің тәжірибесіне зер са­лып, түрлі ағымдардың үлгісін бойына сіңіріп жатыр. Бірақ ол үр­діс әлі де толық пісіп-жетіле қойған жоқ. Үкілеуге лайық бірлі-жарым тәуір үлгілер болғанымен жаңа ба­ғыттағы толыққанды әдеби бұры­лыс аңғарылмайды деп сеніммен айта аламыз. Өйткені түрлі бағыт­тағы эксперименттер жаңашылдық ретінде орнығып, дәстүрге айна­ла­мын дегенше әлі біраз уақыт керек.  width= Бегабат ҰЗАҚОВ, жазушы, әдебиетші: Жаңа дәуір әдебиетінен күткеніміз көп еді... – Ұзақ уақыт қараңғыда отыр­ған адамды бірден жарыққа шы­ғар­са, сәулеге шағылысып, көзі ашыл­май­ды дейді ғой. Меніңше, үнемі ойын­да жүрсе де, аяқ астынан кел­ген еркіндікке тосырқап қалған қа­лам­герлердің халі де соған ұқсас бол­ған секілді. Ал келді азаттық, ойың­ды күлбілтелемей ашық айт, қа­зыл­май қалған тақырып, жазылмай келген сыр болса ақтар деген дәуір талабының үдесінен шығу оңай болмады. Тарихи шындықтар ашылды, публицистика көптің кө­кейін­де жүрген сан проблеманың қоя­сын ақтарды. Жұрт енді көркем шы­ғарманы былай қойып, деректі нәр­селерді, тарихи-танымдық туын­дыларды көп оқитын болды. Өйт­кені 70 жылдық ақпараттық аштық руханияттың әбден өзегін тал­дырған-ды. Бұрынғы кезде сыншылар ха­лықшыл сипаты бар шығар­ма­лардың астарын ашуға жүрек­сіне­тін. Өйткені қатал идеология өзі­не ұнамаған шығарма иесінің ба­сына тура әңгіртаяқ ойнататын. Ал енді тәуелсіздік кезеңінде әде­биеттегі болып жатқан үдерістер­мен халықты таныстырып, көзін ашып отыруы тиіс әдеби сын өзінің әділдік принципінен ауытқып, туын­дыларды талдап-тексерудің ор­нына не асыра мақтап, не жер­мен-жексен қылып жамандауға ма­­шықтанып, ағартушылық сипа­ты­нан айырылды. Өтпелі кезеңнің ала­са­пыра­ны онсыз да бағасы түскен көр­кем әдебиетке деген қызығушы­лықты күйретті. Тәуелсіздіктің ал­ғашқы он жылында ел эко­но­ми­касын­да өсудің тым баяулап қалуы жұрт­тың көбіне ала дорба арқа­ла­тып, жанбағыстың жолына шы­ға­рып жіберді. Осындай кезеңде әде­биет те тұралап қалды. Әсіресе, про­заиктер заманға бейімделе ал­май, біраз тосырқап жүрді. Де­ген­мен ел еркіндігін алған 30 жылдың жартысынан бері қарай мемлекет­тің жағдайы дұрысталып, мемле­кет­тік тапсырыспен мың, екі мың данамен болса да кітаптар шыға ба­стады. Қазір бес мың тиражбен шы­ғып, мемлекеттік кітапхана­лар­ға таратылуда. Шынын айту керек, тәуел­сіздік кезеңінде әдебиет қай­та түлеп, елдің ойында жүрген та­қырыптарды қопара зерттеп, үл­кен серпіліс туғызуы керек еді. Бі­рақ бір кездегі айтарын астарына жа­сырған, шартты түрде «қарсылық әде­биеті» деп аталатын әдебиеттің жал­ғаспай қалуы, ұлттың санасын оя­тар үлкен шындықтардың көр­кем оймен берілмеуі қазақ әде­бие­тін, оның ішінде проза жанрының бағын байлаған секілді. Әдебиет рухани сананы қа­лып­тастырып, адам ойын да­мытатын, сол арқылы тұтас халықтың интеллектуалдық деңгейін көтеретін құдірет. Бірақ түрлі се­беп­термен өз миссиясын ойдағы­дай орындай алмай келе жатқан бүгінгі қазақ әдебиеті әлі күнге өткен ғасыр классиктері жасап кет­кен концепциядан ұзай қойған жоқ. Әрине, қазір де ұлттық әде­биет­тің табысы дерліктей шы­ғар­малар аз да болса бар, бірақ олар халыққа түгел жетті ме? Олар­дың сыр-сипатын талдап түсін­діре­тін білікті сын болмағасын жұрт әде­биетте ненің мықты, ненің жаңа­шыл, ненің халтура екенін айыра алмайтын күйге түспегенде қай­теді? Тәуелсіздік кезеңі әдебиетінің ал­дында тұрған үлкен мін­дет – рухани деколонизация жүр­гі­зіп, санамызды ұлттық болмы­сы­мызғ­а жат нәрселерден тазартып, идея­лық жақтан ұлтты біріктіруші құ­діретке айналуы керек еді, бірақ ол үдеріс жүзеге аспай қалды...  width= Әлібек БАЙБОЛ, жазушы-драматург, әдебиетші: Әдебиет болжаммен жасалмайды, үдерістер табиғи түрде жүруі тиіс – Әдебиет – жанды құбылыс, ол адам­заттың ақыл-ойымен бірге да­мып, бірге құлдырайды. Дәуірлер өтіп, замандар жаңарғанда соған сай әдебиетте де өзгерістер бо­ла­тыны заңды. Қаламгерлер әдебиетті бы­лай дамытуы керек деп күні бұрын ал­дын болжап, белгілі бір жос­пар­лар шеңберінде әрекет ететін болса, ол даму болмас еді. Ұлттық әдебиет тек өз ішін­де­гі дәстүрлерге байланып қал­майды, өзге әдебиеттерде болып жат­­қан үдерістерге көз салып, қа­нат­таса, жарыса дамиды. Бүгінгі дәуір­дің білімді қаламгерлері әлем­нің бірнеше тіліндегі шығар­ма­лар­ды түпнұсқадан оқи алатын ке­зеңде олар да әлемдік әдебиеттің озық үлгілеріне бәсекелес болатын туын­дылар жасауы әбден мүмкін. Мәселен, қазақ дра­ма­тур­гия­сында күні кешеге дейін классикалық бағыт басым болды. Ал қазір қазақ драматургиясы ма­ғы­налық, пішіндік жағынан жан­дану, жаңғыру үстінде. Бүгіндері SounDrama, деректі театр, мюзикл жанрлары қарыштап дамуда, кең өркен жаюда. Бұл алдағы кезде қа­зақ драматургиясында жанрдың мүм­кіндігін ашатын өзгеше бағыт­тағы түрлі шығармалар пайда бо­ла­ды деген сөз. Тағы бір айта кететін жайт, соң­ғы кездері қазақ әдебие­тінің озық деп саналатын үлгілері көптеген тілге аударылып Еуропа құрлығына, Америкаға, мұсылман әлеміне тарауда. Бұл әдебиетімізді әлемге танытуға жасалған қадам деуге болады. Егер ондай жұмыстар жалғасын тауып, дұрыс жүргізілсе біздің талантты әдебиетшілерімізді әлем таныр еді. Қалайда бүгінгі қазақ әде­бие­ті тың әдіс-тәсілдермен «қарулануда». Оның нәтижесін алдағы уақыттарда көретін боламыз. Жазып алған Ахмет ӨМІРЗАҚ