Андрей Аршавин: Жуырда қазақстандық клуб құрамында ойнау туралы ұсыныс келіп түсті

Андрей Аршавин: Жуырда қазақстандық клуб құрамында ойнау туралы ұсыныс келіп түсті

Андрей Аршавин: Жуырда қазақстандық клуб құрамында ойнау туралы ұсыныс келіп түсті
ашық дереккөзі
Санкт-петербургтік «Зенит», лондондық «Арсенал» және алматылық «Қайрат» клубтарының құрамында өнер көрсеткен ресейлік футболшы Андрей Аршавин жуырда қазақстандық бір клуб басшылығы хабарласып, команда сапында ойнау туралы ұсыныс білдіргенін айтты. Бұл туралы ойыншы ресейлік Sport24 порталының Youtube платформасындағы парақшасында ұйымдастырылған сұхбатта хабарлады. «Айтпақшы, кеше маған Қазақстанда бір клуб сапында ойнау туралы ұсыныс келіп түсті. Мен «жоқ» деп жауап бердім. Себебі мен Қазақстанда тек бір клубта ойнай алатын едім. Әйтпесе мені көпшілік түсінбейді», – дейді ойыншы. Естеріңізге сала кетейік, 39 жастағы Аршавин 2016-2018 жылдар аралығында алматылық «Қайрат» сапында доп теуіп, командамен бірге Қазақстан кубогі (2017, 2018) мен Суперкубокты (2017) жеңіп алған болатын.