Жаңалықтар

Қандастар биыл ҰБТ-ны онлайн тапсыра ала ма?

ашық дереккөзі

Қандастар биыл ҰБТ-ны онлайн тапсыра ала ма?

«Отандастар қоры» жобалар координаторы Дидар Болат және жоғарғы оқу орындарындағы дайындық бөлімдері жетекшілерінің қатысуымен онлайн жиын өтті. Жиында шетелдегі этникалық қазақ жастарының қазіргі пандемия жағдайына байланысты ҰБТ-ны онлайн тапсырудың алдын ала сынақ кезеңін өткізу механизмдерімен қатар, олардың Қазақстанға келіп білім алу жағдайы талқыланды. Сонымен қатар онлайн оқу тәртібі және онлайн құжат тапсырып оқып жатқан студенттердің шәкіртақысын беру, тестілеуге қатысу үшін талап етілетін тиісті құжаттарды талапкерлер өзі тұрып жатқан елдерінде рәсімдеу, оны нотариалды растау және шетелдегі қандас талапкерлердің қашықтан ЖСН алуына жағдай жасау секілді мәселелер көтерілді. «2020-2021 оқу жылында өтетін Ұлттық біріңғай тестілеудің дайындығы ретінде «Онлайн байқау сынағын» барлық жиынға қатысушылардың қолдауымен 2021 жылғы 24 ақпанда ұйымдастырылады», - деді «Отандастар қоры» Білім және қазақ тілі бағытының жауапты маманы Нұрымжан Жұмағазиев.