Ғабидолла Әбдірахымов ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі болып тағайындалды

Ғабидолла Әбдірахымов ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі болып тағайындалды

Ғабидолла Әбдірахымов ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі болып тағайындалды
ашық дереккөзі
ҚР Үкіметінің қаулысымен Ғабидолла Әбдірахымов ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі болып тағайындалды. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі хабарлайды. Ғабидолла Рахметоллаұлы еңбек жолын 1996 жылы Қазақ мемлекеттік аграрлық университетінде тәлімгер-оқытушы болып бастаған. 1999-2008 жылдары ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің құрылымында түрлі лауазымдарды атқарды. 2008-2012 жылдары — ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің басшысы. 2012-2013 жылдары — ҚР Бәсекелестікті қорғау агенттігінің төрағасы. 2013-2015 жылдары — ҚР Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары. 2015-2017 жылдары — Шымкент қаласының әкімі. 2017-2018 жылдары — «Нұр-Отан» партиясының хатшысы. 2018-2019 жылдары — Шымкент қаласының әкімі. 2019 жылғы қараша айынан қазірге дейін ҚР Премьер-Министрінің кеңесшісі қызметін атқарды.