Ыстанбұлдағы алаң Абай есімімен аталатын болды

Ыстанбұлдағы алаң Абай есімімен аталатын болды

Ыстанбұлдағы алаң Абай есімімен аталатын болды
ашық дереккөзі
Түркияның Ыстанбұл қаласындағы алаңға Абайдың есімі берілді, деп хабарлайды Қазақстанның Түркиядағы Елшілігі. «Ұлы қазақ ақыны Абайдың 175 жылдық мерейтойына орай Ыстанбұл мәслихатының шешімімен қаладағы қазақ диаспорасы шоғырланған Зейтинбурну ауданындағы алаңдардың біріне ұлы ойшылымыз Абай Құнанбайұлының есімі берілді», делінген Елшіліктің Facebook-тегі парақшасында. Сондай-ақ, Түркияның Эрзурум қаласындағы бульварға және бастауыш мектепке Әл-Фараби есімі берілді.