Халықтың алдында жауапкершілікті мойындаған іс болды

Халықтың алдында жауапкершілікті мойындаған іс болды

Халықтың алдында жауапкершілікті мойындаған іс болды
ашық дереккөзі
Бүгін Моңғолияның премьер-министрі Ухнаагийн Хурэлсух өзінің отставкаға кететіні туралы ресми түрде мәлімдеді Бұл оқиғаға Моңғолияда тұратын белгілі ақын қандасымыз Байыт Қабанұлы былай деп баға берді: «Монғолияның астанасы – Ұланбатар қаласында халық бейбіт шеруге шықты шеруге шықты. Себебі көп, біраз уақытта Үкіметтің не бір ерсі қылықтары болды. Бірақ ел тыныш еді. Кеше бір ауыруханада короновирус шыққан. Сол ауыруханадан ауруы бар деп көрген жаңа босанған бір әйелді баласын біреуге ұстатып, өзін палатада ғана киюге жарайтын жеңіл киімшең алып шығып басқа ауыруханаға әкеткен. Міне, осы сурет әлеуметтік желіге тарады, осыған халық ренжіді. «АНА мен БАЛАНЫ қорлады, монғол ұлтының ежелден келе жатқан жаңа туған ананы сыйлау салтын аяқасты етті, қаталдық жасады» деп намыстанды. Мұны бір белсенді ұйымдастырмай-ақ, халық өзі елорданың алдына жиналып шу шығарды. Сөйтіп, екі күнге жалғасқан бейбіт шеру, наразылықтың нәтижесі – Монғолия елінің Үкімет бастығы У.Хүрэлсүх мырза осы жәңе елден кешірім сұрап, кабинетімен тақтан кететінін мәлімдеді. Бір жағынан қарасаң, Үкімет ауысу деген жақсы нәрсе емес, әрине. Ал екінші жағынан қарасаң, егер қателік жіберген екенсің халықтың алдында жауапкершілікті мойынға ала білу керек екенін көрсеткен іс болды. Ел аман, жұрт тыныш болсын».