Моңғолия Үкіметі отставкаға кететінін мәлімдеді
Моңғолия Үкіметі отставкаға кететінін мәлімдеді
Бүгін Моңғолияның премьер-министрі Ухнаагийн Хурэлсух өзінің отставкаға кететіні туралы ресми түрде мәлімдеді, деп хабарлайды МОНЦАМЭ агенттігі.
Оған себеп: екі күн бұрын жаңа босанған әйелді орталық перзентханадан Ұлттық ішек ауруларын зерттеу орталығына ауыстыру кезінде оның сырт киімін кигізбестен алып бара жатқан фотосы әлеуметтік желіге тарап кеткен. Осыдан кейін Ұланбатыр тұрғандары орталық алаңға шеруге шыққан. Тіптен кейбір шерушілер қақаған аязға да қармастан жалаңаштана бастаған.
«Менің кабинетімнің екі мүшесі аталған қателіктерге жол бергеніне қатысты отставкаға кетуді сұрады. Бұл кабинет алғаш рет құрылғанда, біз командамен жұмыс істеуді жоспарлаған едік. Өкінішке қарай, олай болмады. Халық осыған байланысты алаңдаушылық білдірді. Жас азаматтардың Үкіметке наразылығын білдіру үшін көшеге шыққаны дұрыс. Премьер-министр ретінде осындай шешім қабылдап отырмын, жауапкершілік бәрімізге ортақ болуы тиіс», - деді Моңғолия Үкімет басшысы У.Хурэлсух.