Ауыстырып үлгеріңіз!: 1 ақпаннан бастап қандай банкноттар қабылданбайтыны белгілі болды

Ұлттық банк 1 ақпаннан бастап 2006 жылғы үлгідегі номиналы 2000, 5000 және 10000 теңгелік банкноттарды қабылдау және ауыстыру мерзімі аяқталатынын хабарлады. 

«2021 жылдың 1 ақпанынан бастап Ұлттық Банктің филиалдары 2006 жылғы үлгідегі номиналы 2000, 5000, 10000 теңгелік банкноттарды қабылдауды және айырбастауды тоқтатады. Осыған байланысты азаматтардан 2021 жылдың 1 ақпанына дейін көрсетілген банкноттарды ұлттық валютаның жарамды ақшаларына айырбастап алу үшін жақын жердегі филиалға хабарласуды сұраймыз», – деп хабарлады банктен.

Back to top button