Ұлыбританияда жоғалған әмиян Түркиядан табылды

Ұлыбританияда жоғалған әмиян Түркиядан табылды

Ұлыбританияда жоғалған әмиян Түркиядан табылды
ашық дереккөзі

Ұлыбританияның Эссекс округінің тұрғынына оның заттарын қоқыстан тауып алған түркиялық жігіт жазған. Қыз үшін жоғалтқан заттарының өз үйінен мыңдаған шақырым жерге қалай тап болғаны құпия күйінде қалып отыр. 

Ұлыбританияның Харлоу қаласында тұратын Никита Тарви 2019 жылы әмиянын жоғалтып алған, ал бір жылдан кейін Instagram-да түркиялық жігіттен жоғалтқан затының табылғаны жайлы хабарлама алған. Таңғажайып оқиға жайлы Daily Mail жазды. 24 жастағы Никитаға Кая есімді жігіт жазған, ол Түркияның Бурса қаласында қоқыс өңдеу саласында қызмет етеді. Кая Никитаға жоғалған әмияндағы студенттік билеттің суретін жіберген. Денсаулық сақтау саласында жұмыс істейтін Никита Тарви ешқашан Түркияда болмаған. Күтпеген жаңалықтан кейін ол Каямен достасып, онымен әлеуметтік желілерде хат-хабар алмасуды жалғастырып келеді. Басылымның жазуынша, Түркия британдық пластикалық қалдықтар үшін ең ірі экспорттық нарық болып табылады. Тарви әмиянын қалай және қашан жоғалтқанын білмейді, бірақ ол өзіне тиесілі заттың қандай да  бір жолмен қоқыс жәшігіне түсіп кетуі мүмкін екенін жоққа шығармайды.  width=