Дәулет Кәрібек жаңа қызметке тағайындалды

Дәулет Кәрібек жаңа қызметке тағайындалды

Дәулет Кәрібек жаңа қызметке тағайындалды
ашық дереккөзі

Бүгін Саяси кеңес Бюросының ұсынуымен Дәулет Кәрібек Нұр-Сұлтан қаласындағы партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары лауазымына тағайындалды. Бұл туралы елорда әкімдігінің сайты хабарлады. 

2009-2010 жылдары елорданың Алматы аудандық «Jas Otan» ЖҚ төрғасының бірінші орынбасары қызметін атқарды.

2012 жылы ҚР Әділет Министрлігі Сот сараптамалық Орталығының инспекторы лауазымында жұмыс істеді.

2012-2019 жылдары «Nur Otan» партиясы жанындағы «Jas Otan» жастар қанатының қалалық және орталық деңгейлерінде түрлі басшылық лауазымдарды атқарды.

2020 жылдың қаңтар айынан бастап «Нұр-Сұлтан қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасы» ММ басшысы қызметін атқарды.

Дәулет Кәрібек партияда меритократия қағидатына сәйкес тәжірибе жинаған білікті маман. Ол Президенттік жастар кадр резервінде.