Мамин Түркістанда өтетін Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің саммитіне дайындықты пысықтады
Мамин Түркістанда өтетін Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің саммитіне дайындықты пысықтады
Үкімет басшысы Асқар Мамин жұмыс сапары аясында Түркістан қаласының инфрақұрылымдық нысандарының құрылыс барысын тексерді, деп хабарлайды ҚР Премьер-Министрінің Баспасөз қызметі.
Үкімет басшысы инвестициялық жобалардың — «Керуен-сарай» көпфункционалды туристік кешенінің, JCI халықаралық стандарты бойынша салынып жатқан 570 төсек орнына шақталған көпбейінді аурухананың (2022 жылдың жазында пайдалануға беру жоспарланып отыр), Қазақ драма театрының, облыстық ғылыми-әмбебап кітапхананың, Тұңғыш Президент саябағының, дендропарк пен ботаникалық бақтың іске асырылу барысымен танысты.
2020 жылы Түркістан қаласының негізгі капиталына салынған инвестициялар 2019 жылмен салыстырғанда 3,8 есе өсіп, 367,6 млрд теңгені құрады. Инвестициялардың негізгі үлесі туризм, логистика және жылжымайтын мүлік салаларына бағытталды. Түркістан облысының негізгі капиталына салынған инвестициялар 2020 жылы 703,3 млрд теңгеге жетті (+60%). Құрылыс жұмыстарының көлемі 65,8%-ға 299,9 млрд теңгеге дейін ұлғайды. Облыс инвестициялардың өсу қарқыны және жалпы өңірлік өнімнің өсуі бойынша жетекші позицияға ие болды.