Президент ұшағымен соңғы рейс: Мелания Трамптың сапарға киген көйлегінің бағасы анықталды

Президент ұшағымен соңғы рейс: Мелания Трамптың сапарға киген көйлегінің бағасы анықталды

Президент ұшағымен соңғы рейс: Мелания Трамптың сапарға киген көйлегінің бағасы анықталды
ашық дереккөзі
АҚШ-тың бұрынғы басшысы Дональд Трамп пен оның әйелі Мелания президенттік жұп ретінде Air Force One лайнерінде соңғы рейс жасады. Елдің бұрынғы бірінші ханымының рейс кезінде киген киімнің құнын New York Post журналистері анықтады.  Ерлі-зайыптылар елдің 46-шы президенті Джо Байденді ұлықтау рәсімі басталардан бір сағат бұрын Флорида штатындағы Палм-Бичке ұшып кетті. Мелания ұшақтан сарғыш-көк өрнектері бар ұзын көйлек киіп түсті. Басылымның мәліметінше, көйлек итальяндық Gucci брендінің ассортиментінде ұсынылған, оның бағасы 3700 доллар (1,5 млн теңге). Қалаға келгеннен кейін ерлі-зайыптылар оларды қарсы алған жақтастарымен амандасып, содан кейін Мар-а-Лаго курорттық резиденциясына барды. Бір атап өтерлігі Дональд Трамп та, Мелания да қорғаныс маскаларын таққан жоқ.