23 жолаушысы бар автобус кинотеатр ғимаратына соғылды

23 жолаушысы бар автобус кинотеатр ғимаратына соғылды

23 жолаушысы бар автобус кинотеатр ғимаратына соғылды
ашық дереккөзі
Мәскеу маңындағы Электросталь қаласында рейстік автобус "Современник" кинотеатрының ғимаратына соғылды. Төтенше жағдай салдарынан кем дегенде 10 адам жарақат алды. Бұл туралы Ресей ІІМ Мәскеу облысы бойынша бас басқармасының баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады РИА Новости Автобуста барлығы 23 адам болған. Жолаушылардың бірінің аяғы сынған. Ал Vesti.ru тілшілері апат салдарынан 17 адам зардап шеккенін хабарлады. Олардың 8-і ауруханаға жеткізілген. Автобус жүргізушісінің айтуынша, ол қатты тайғақ жолда келе жатқанда газ педалі қатып, басылмай қалған. Салдарынан көлік ғимаратқа соғылған. Қазіргі уақытта оқиға орнында жедел-тергеу тобы мен жол полициясының қызметкерлері жұмыс істеуде.