Жаңалықтар

Қостанай облысында 46 жастағы әйел мал ұрлаумен айналысқан қылмыстық топты басқарған

ашық дереккөзі

Қостанай облысында 46 жастағы әйел мал ұрлаумен айналысқан қылмыстық топты басқарған

Қостанай облысында 46 жастағы әйел мал ұрлығымен айналысқан тонаушылар тобын басқарған.  Tengrinews.kz дерегінше, Қостанай облысының Әулиекөл ауданында Новонежин ауылының 46 жастағы тұрғыны бастаған топ мал ұрлығы үшін ұсталды. Қылмыстық топ барлығы 8 жылқы мен 4 бас ірі қара мал ұрлаған. Малды жеке шаруашылықтар мен еркін жайылымдар аумағынан ұрлап, сол жерде сойып алып отырған. "Әулиекөл аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары подполковник Жансерік Хасановтың айтуынша, полицейлер төрт адамнан тұратын қылмыстық топты анықтаған. Ұрлық тізбегі мынадай болды: ВАЗ-2107 автокөлігімен олар кенттерді аралап, мал іздеген. Күдіктілердің бірі ұрланатын малды белгілі бір жерге айдаса, басқалары малды союмен айналысқан",-деп хабарлайды Қостанай облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі. Мысалы, Чили ауылында 38 жастағы күдікті далада жайылып жүрген жылқыны ұрлап, cол жылқыға мініп, басқа ауылдардан мал ұрлаған. Полицейлер аман қалған малды жәбірленушілерге қайтарды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Егер олардың кінәсі дәлелденсе, мал ұрлығы үшін мүліктері тәркілене отырып, 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін.