Спорт академиясы президентінің кабинетіндегі қар барысының терілерін полиция тексеруде

Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің өкілдері Спорт және туризм академиясының президенті Қайрат Закирьяновтың кабинетінде түсірілген қар барысының терілерін зерттеді. Енді бұл суретті Алматы полициясы тексеруде.

«Бұл жазбаларды Алматы облысының Экология және табиғатты қорғау министрлігі зерттеді, материалдар 2021 жылғы 20 қаңтардағы хатпен Алматы полиция департаментіне Қылмыстық кодекстің 339-бабында көрсетілген (жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз қарым-қатынас белгілері бойынша) жолданды», – деді ведомствоның баспасөз хатшысы Самал Ибраева.

Оның айтуынша, полиция жүргізген тексеру қорытындысы бойынша Қазақстан заңнамасына сәйкес тиісті шаралар қабылданады.

Айта кетейік, Tengrinews.kz сайты Спорт және туризм академиясының президенті Қайрат Закирьяновтың кабинетіндегі қар барысының терілері қоғамның наразылығын тудырғанын жазған болатын.

Қайрат Закирьяновпен бірге түсірілген суретті Instagram желісінде спортшы Жанкош Тұраров жариялады. Суреттерде арыстанның, сілеусіннің, барыстың және құстардың терілерімен безендірілген бөлме көрсетілген. Ж.Тұраров: «Спорт және туризм академиясының Президентімен» деп суретке жазба да қалдырған. Алайда кейін спортшы бұл суретті өшіріп тастады.

67d5f907 4ba2 40a9 958f 026cad05dcc0

Табиғат қорғаушы Сәкен Ділдахмет Facebook желісіндегі парақшасына осы суреттерді жариялап, Қазақстанның экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінен Қайрат Закирьновта Қызыл кітапқа енген жануарлардың терісі қайдан пайда болғаны туралы сұраққа жауап беруін сұрады.

 

Back to top button