Азат ПЕРУАШЕВ: Жастарды қазірден бастап шыңдамасақ, тәжірибелі мамандар қайдан шығады?

Азат ПЕРУАШЕВ: Жастарды қазірден бастап шыңдамасақ, тәжірибелі мамандар қайдан шығады?

Азат ПЕРУАШЕВ: Жастарды қазірден бастап шыңдамасақ, тәжірибелі мамандар қайдан шығады?
ашық дереккөзі
– Жаңа Парламент едәуір жаңар­­­­ды, жасарды. Жас­тар мен әйелдерге берілген 30 пайыз­дық квотаға қатысты түрлі сын естіп жатырмыз. Бір жағынан, жас­тарды қазірден бастап тәр­бие­лемесек, тәжірибемізбен бөлісіп, заң саласына шыңдамасақ, ертең бі­­­лімді, тәжірибелі мамандар қай­дан шығады? Екінші жағынан, тек кво­таны толтыруды мақсат етіп, сая­­саттан, заң саласынан хабары жоқ, қоғамның тыныс-тіршілігінен бейхабар адамдарға орын беру де дұрыс емес. Айтар ойы, қоғамда сал­мағы бар, білікті де белсенді аза­маттарды жасына, жынысына қарап шек­теу орынсыз деп есептеймін. Бұл жолы «Ақ жол» фрак­ция­сы­ның құрамы айтарлықтай өзгер­ді. Мәжілістегі депуттары­мыз­дың саны екі еседей артты.  Ал­тын­шы шақырылымда партиямыздан 7 депутат болса, жетінші шақыры­лым­да қатарымыз 12-ге жетті. Ал­дың­ғы құрамнан менен бөлек үш депутат қайта сайланса, 8 депутат жаңадан қосылып отыр. Олардың ара­сында әріптесіміз Азамат Әріп бе­сінші шақырылым депутаты бол­ған, оның тәжірибесі біздің жұмы­сы­мыздың алға басуына үлкен сеп­тігін тигізері анық. Ал қалған 7 аза­маттың депутаттық тәжірибесі жоқ.  Десе де, олардың әрбірі – қо­ғам­­ға еңбегі сіңген адамдар, өз са­ла­сының білікті мамандары, ең бас­тысы, елді өркендетуге мүдделі аза­маттар. Атқарғымыз келетін шаруа көп. Сайлауалды бағдарла­ма­­мыздағы мақсат-міндеттерді орын­дауға күш саламыз. «Ақ жол» пар­тиясының басты ұстанымы – Тәуелсіздігімізді тұғырлы ете түсу, мем­ле­кеттілігімізді нығайту. Еліміз­дің тұтастығына, шекарамыздың бү­тіндігіне нұқсан келтіретін сыңар­­жақ пікірлерге, арандату­шы­лық әрекеттерге жол бермеуіміз керек. Екіншіден, біздің партия әуел­ден кәсіпкерлерді қолдауға ба­сымдық беріп келе жатқаны белгілі. Осы бағыттағы бастамаларымызды жалғастырамыз. Сондай-ақ жаңа ин­дустриалды саясатты жүргізу, жаңа салық саясатын енгізуге қа­тыс­ты бірқатар идеямыз бар. Солар­ды жүзеге асыруға ниеттіміз.