Жаңалықтар

Ерлан САЙЫРОВ: Халықтың әлеуметтік сұраныстарына басымдық береміз

ашық дереккөзі

Ерлан САЙЫРОВ: Халықтың әлеуметтік сұраныстарына басымдық береміз

– Президенттің Парламентке бер­ген тапсырмаларының барлығы «Nur Otan» партиясының сай­лауалды бағдарламасын жүзеге асыруға бағытталған. Жақын арада осы мақсатта жол картасы әзірлен­бек. Жол картасында партия бағдар­ла­масында көрсетілген әр бағыт бойын­ша жобаларды іске асыруға жауапты депутаттар мен министр­лік­тер анықталып, әрі қарай жұмыс барысы бақылауға алынады. Мемлекет басшысы қоғам­ның басты сұраныстары­нан туған мәселелерді көтерді.  Атал­ған мәселелердің саяси және заң шығару аспектісін біз, Пар­ла­мент депутаттары өз мойнымызға ала­мыз. Ең әуелі халықтың әлеу­мет­тік қажеттіліктеріне басымдық бе­рілмек. Атап айтқанда, Қазақстанда дәрігерлердің мәртебесі туралы заң қажет екенін уақыт көрсетіп отыр. Мәжіліс қабырғасында талқыла­на­тын алғашқы мәселелердің бірі осы болады деп ойлаймын.