Мәжіліс мінез таныта ала ма?

Мәжіліс мінез таныта ала ма?

Мәжіліс мінез таныта ала ма?
ашық дереккөзі
Өз миссиясын аяқтаған алтыншы шақырылымдағы Парламент 5 жылда 410 заң қабылдапты. Сол уақыт ара­лы­ғында халық қалаулылары өздерінің заңға баста­машылық ету құқығын толық пайдаланып, 60-қа жуық заң жо­басын дайындаған. Президент жаңадан сайланған де­путаттарды әріптестерінің осы қарқынын сақтай отырып, ана­ғұрлым өнімді жұмыс істеуге шақырды. Қасым-Жомарт Тоқаев жетінші шақырылымдағы Парламентке жеті тап­сырма берді. Заң шығарушы органның жаңа құрамы Мем­лекет басшысы  жүктеген міндеттерді орындай ала ма?  Депу­тат­тардан қандай жаңашылдықтар күтуге болады? 30 пайыз­дық квота ережесі Мәжіліс жұмысының өнімділігін арттыра ма? Жаңа Парламентке артылған екі міндет 2020 жылы алтыншы шақыры­лым­дағы Парламент пала­та­лары­ның 23 бірлескен отырысы мен Мә­жілістің 186 жалпы отырысы өтіп, 1 208 мәселе қаралған екен. Нә­­­­тижесінде, депутаттар түрлі са­ладағы маңызды заңның қа­был­дануы­на түрткі болды. Өткен жылы ха­лық қалаулылары жалпы саны  487 заң жобасын қарап, оның 432-сін мақұлдаған. Қазіргі таңда олар­дың 400-ге жуығына Президент қол қойып үлгерген. Оның ішінде Бас санитарлық дәрігердің өкілеттілігін кеңейту, вакцина сапасы мен тиім­ділігін бақылауды күшейтуге ар­нал­ған «Денсаулық Кодексі» ерекше атап өтуге тұрарлық. Ұстаздар қауы­мына артылған міндетті жеңілдетіп, материалдық жағдайын оңалтуға көп пайдасын тигізген «Педагог мәртебесі туралы» заң жобасының да шапағаты мол болмақ. Қоғамда көп талқыланған заңнама ұстаз­дар­ды артық жүктемеден босату, олар­дың қызметіне қойылатын талапты күшейту және материалдық қолдау секілді мәселені дөп басып, шеше біл­ді. Сондықтан аталған заң өткен жыл­ғы қабылданған заң жоба­сы­ның ішіндегі халықтың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын жақсартуға арналған ең ұтымды шешімге ай­нал­ды деуге толық негіз бар. Сон­дай-ақ 2020 жылы «Әкімшілік рә­сімдік-процестік кодекс» және Са­лық кодексі, Кедендік реттеу, Жер қой­науын пайдалану туралы маңыз­ды құжаттар мақұлданды. Жетінші шақырылым де­пу­тат­тарына артылар жауап­­­­­кершілік жүгі ауырламаса, жеңіл­­демейтіні анық. Өйткені Пре­зидент айтқандай, жаңарған Пар­ламент алдында еліміздің заңнама жүйе­сін кешенді түрде жетілдіру мін­деті тұр. Қоғамдағы барлық өзек­­ті мәселе ең әуелі Парламентте тал­қылануы тиіс екенін баса айтты. «Азаматтардың наразылығын ту­ғызуы мүмкін даулы мәселелер бойынша тиімді кері байланыс ор­нату – басты талаптардың бірі. Пар­­ла­менттің алдында маңызды екі мін­дет тұр. Бұл – сапалы заңдар қа­был­дау және өзекті мәселелердің ше­шімін табатын орталыққа айналу. Жал­пы, еліміздің заңнама жүйесін ке­шенді түрде жетілдіру керек», – де­ді Мемлекет басшысы. Халықтың тұрмыс сапасын жақ­сартып, әл-ауқатын арт­тыру басты  басымдық болып қала бер­мек. Президент жұртты құрғақ сөз, жасанды жетістіктермен алдар­қату мүмкін емесін, халық  көзбен кө­ріп, қолмен ұстайтын нақты нә­тиже күтетінін қадап айтты. Президент жүктеген жеті тапсырма Мемлекет басшысы Пар­ла­мент­тің жаңа құрамына жүк­теген жеті тапсырмасының бі­рін­­шісі – құқығы қорғалған қоғам құру. Президенттің пікірінше, адам­ның құқығы аяққа тапталған ор­тада ешқандай өсім болмайды. Осы орайда, сот жүйесінің тәуелсіз­дігін ны­ғайта түсу үшін реформаны соңы­на дейін жеткізу міндеті тұр. «Сот корпусының сапасына қа­тысты әлі де түйткілдер бар. Сот жүйе­сі жабық корпорация болмауы тиіс. Сондықтан сот корпусын едәуір жаңартып, оған түрлі құқық са­лаларының мамандарын тарту керек. Үміткерлерді іріктеген кезде олар­дың кәсіби тәжірибесімен қа­тар, жеке қасиеттерін де ескерген аб­зал. Бұл жұмыс бұқаралық ақ­па­рат құралдарында ашық көрсе­тілуі­ тиіс. Сондай-ақ сот қызметі ту­ра­лы ақпарат қоғам үшін неғұрлым қол­жетімді болғаны жөн. Құқық қорғау органдарының жұмысын да барын­ша өзгерту қажет», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Білім беру сапасындағы тең­сіз­дікті жою, отандық ме­дици­наны күшейту, бұқаралық спортқа мән беру. Бұл – Президент жүк­теген екінші тапсырма, яғни бір сөз­бен айтқанда тиімді әлеуметтік саясат жүргізу. Бұл ретте Мемлекет бас­шысы айтқан бір тапсырма орын­далғанын айта кеткен жөн. Биыл­дан бастап қазақстандықтар зейнетақы жүйесіндегі жинақтары­ның бір бөлігін қажетіне жұмсай алады. «Әлеуметтік инфрақұрылым­ның тағы бір басты элементі – отан­дық зейнетақы жүйесі. Ол әділ, тұ­рақ­ты, адамдардың мүдделеріне сай болуы керек. Біз өте маңызды ре­форманы – зейнетақы активтерін іші­нара алу және пайдалану мүм­кіндігін іске қостық. Сонымен қатар азаматтарға өз жинақтарын түрлі құ­ралдар арқылы басқаруға мүм­кін­дік беру қажет. Үкімет пен Ұлт­тық банк зейнетақы жүйесін одан әрі дамыту тұжырымдамасын әзір­леп жатыр. Оны іс жүзінде жүзеге асыру заңнамалық қамтамасыз ету­ді талап ететіні анық. Жалпы Пар­ла­мент­тің жаңа мүшелерінен әлеу­мет­тік саясатты жетілдіру бойын­ша бел­­сенді жұмыс күтемін», – деп Пре­зи­дент депутаттық мандатқа ие бол­­ған елдің елеулілеріне ұйықтап оты­руға уақыт болмайтынын ес­кертті. Үшінші тапсырма – эко­но­миканың үдемелі өсіміне жол ашу. Бұл мақсатта Парламентке Салық кодексіне тексеру жүргізіп, оны жеңілдету, іскерлік белсенділік пен бәсекелестікті ынталандыру жол­дарын қарастыру тапсырылды. Бұ­дан бөлек,  Қазақстанда «Өнер­кәсіптік саясат туралы» жаңа заң қабылданатын болды. Ол құжатта отандық бизнесті қолдаудың нақты шаралары жазылмақ. Ұлттық эко­номиканы ұтымды ете түсуге қа­тыс­ты тың ойларды Президент 29 қаң­тарда өтетін Реформалар жөнін­дегі Жоғарғы кеңестің отырысында талқылауды ұсынды. Мемлекет басшысы жүктеген төртінші тапсырма – өңір­лерді дамыту. Жаңа стан­дарт­тарға сәйкес 3 500-ден астам ауыл жаңар­тыл­мақ. Айналасындағы елді ме­кен­дер­дің тірегі саналатын әрбір ауылға баратын жолдар мен рес­пуб­ликалық маңызы бар күре жол­дарды 100 пайыз жөндеу – алдағы 5 жылдың еншісіндегі маңызды міндеттердің бірі. «Жергілікті өзін-өзі басқаруды әрі қарай жетілдіру үшін бюджеттік рәсімдерді жеңілдетіп, өкілді және атқарушы органдардың дербестігін арттыру маңызды. Осы орайда мен мә­слихат депутаттарына мына мә­селені баса айтқым келеді. Сіздер­дің белсенді ұстанымдарыңыз сайлау­шылардың мүддесін қорғайтын са­палы әрі салмақты шешімдер қа­былдауға ықпал етуі керек», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Қазақстандағы рефор­ма­лар­дың басты бағытының бірі – саяси жаңғыру. Көппартиялы Пар­ламент құруға деген талпыныс пар­тиялық тізімде әйелдер мен жас­тар үшін берілген 30 пайыздық кво­та осы бағытта атқарылған жұ­мыс­тардың бір парасы болатын. Енді Қазақстанның ауылдары да саяси жаңғыруы тиіс. Бұл – жетінші ша­қырылымдағы Парламентке бе­рілген бесінші тапсырма. Жергі­лік­ті өзін-өзі басқару жүйесін ең төмен­нен бастап нығайту үшін биыл же­ке­леген ауылдық округтерге өз әкім­дерін сайлау мүмкіндігі беріл­мек. «Біз осы жолғы сайлау науқаны карантин шектеулеріне қарамастан қаншалықты қызу өткеніне куә бол­дық. Кейбір партиялардың Мә­жіліс пен мәслихаттарға өтуіне сәл ғана дауыс жетпей қалды. Олардың әрқайсысында белгілі бір саланы жетік меңгерген білімді, білікті аза­маттар да бар. Солар Пар­ла­менттің биік мінберінен айтылуға тиіс көп­теген өзекті мәселелерді дер кезінде әрі орынды көтеріп жүр. Осындай пар­тиялардың өкілдері Парла­ментке өтсе, ондағы пікірталасты қыз­дыра түсер еді, ортақ жұмысқа тиім­ді болар еді. Олар заң шығару жұ­мысының сапасын арттыруға да сүбелі үлес қосары анық. Сондықтан саяси партиялардың Мәжіліске өту шегін 7-ден 5 пайызға төмендетуіміз керек», – деді Мемлекет басшысы. Президент елдегі саяси про­цес­ке қатысты тағы бір тың ұсыныс айтты. Ол – барлық дең­гей­дегі сайлау бюллетеньдеріне «бәріне қар­сымын» деген жазу енгізу. Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөзінше, таңдауы жоғын ресми көрсетудің өзі – таңдау. Алтыншы тапсырма – аза­мат­тық қоғам өкілдерінің бел­сенділігін арттыру, жастар сая­сатын жетілдіру және қайырым­ды­лық қызметін қолдау. Жыл басында Пре­зидент кейбір заңнамалық ак­тілерге қоғамдық кеңестер қызметі мә­селелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы тиісті заңға қол қойды.  Сол арқылы қо­ғам­дық кеңестердің өкілеттігі едәуір күшейтілді. Енді азаматтық белсенділікті арттыру жолында та­ғы бір маңызды қадам жасалмақ. Бұл – талқыланып жатқан «Қоғам­дық бақылау туралы» заң.  Мемлекет басшысы заң шығарушы органға онлайн-петиция институтын заң жү­зінде рәсімдеу, мемлекеттік жас­тар саясаты саласындағы заң­на­ма­ны жетілдіру, елімізде  «Жастардың даму индексін» енгізу секілді бір­қатар тапсырма берді. Адам құқығын қорғау са­ла­сын дәйекті түрде жетілдіру – жетінші сайланым депутаттарына жүктелген жетінші тапсырма. Елімізде ом­будс­мен институты болғанымен, ол әзір­ге өзінің әлеуетін толық көрсете алмай отырғаны белгілі.  Сондықтан жа­қын арада Парламенттің алдын­да Омбудсмен туралы арнаулы заң қабылдау міндеті тұр. Бұл заң атал­ған институттың қызметін барлық ба­ғыт бойынша реттеуі тиіс. Соны­мен қатар бала құқықтарын қорғау саласында да түйткіл көп.  Балалар­дың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, балалар арасындағы суицид пен бул­лингтің алдын алу үшін мем­лекеттік бақылауды күшейту, білім беру мекемелеріндегі тиісті қызмет­тердің тиімділігін арттыру үшін нормативтік база қалыптастыру – кезек күттірмейтін мәселелердің бір парасы осы. Төрт сөйлемнен сүрінгендерге сенуге бола ма? Президент депутаттық кор­пус­қа арналған жарты са­ғат­­­тық үндеуінде жаңа Парламент жұ­мысының бағыт-бағдарын ай­қын­дап қана қоймай, ең бірінші ке­зекте түйіні тарқатылуы тиіс түйт­кілдерді тізбектеп берді. Кеңе­сін айтты, талап-тілегін де тың­дат­ты. Мемлекет басшысының пайы­мын­ша, Парламент проблемалар­дың шешімін табатын орталыққа айналуы тиіс. Заң әзірлеу барысында біреулердің жеке мүддесін қорғауды қою қажет. Халықтың таңдауы түс­кен екен, халықтың қамын жеу ке­рек. Бір қынжылтатыны, халық­тың қалаулысы деп төрге оз­дырған депутаттарымыз жұмысқа кі­ріспей жатып, ә дегеннен сүрінді. Ант беру рәсімінде бар-жоғы 4-5 сөй­лемнен тұратын мәтінді ежіктеп оқып, туған тіліміздің туын жыққан таңдаулылар желідегі жұрттың ашуын тудырды. «Анттың өзін дұрыс бере алмай тұрған депутаттар бас­қа тірлікті қайдан оңдырсын?» деп кейіді көпшілік. Әсіресе, ай­тыс­кер ақын Жандарбек Бұлғақовтың сыны халықтың көкейіндегісін дөп басты. «Депутаттарға халық тағдырын се­ніп тапсыра ма, әлде әліппені қай­та­дан өту керек пе, мен түсінбедім. Ант беру рәсімінде сіздер антты бұ­зып тұрсыздар ғой. «Халыққа адал қызмет етемін» дейсіздер. Бі­рақ халықтың тілінде сөйлей алмай тұр­сыздар. Аяқ астынан сөз келіп қал­са, түсінемін, адам сасып қалуы мүм­кін. Бірақ сіздерге «Ертең сағат осын­дайда-осындай жерде ант беру рә­сімі өтеді» деп, алдын ала берілді, беріл­меді емес. Ол ақымақ адамға да түсінікті. Сол 3-4-ақ сөзден тұра­тын мәтінді мыңқ-мыңқ, быдық-бы­дық демей, халықтың көзіне қа­рап, шын жүректен ант беруге бо­латын еді. Мына тірліктеріңіз үшін сіздер ұялуларыңыз керек», – де­ді Жандарбек Бұлғақов. Cаясаттанушы Расул Жұ­ма­лы 60-70 пайыз­ға жаңартылған, жаңа ұстаныммен ке­ліп отырған құрамнан үлкен өз­геріс­тер күтуге бола­ды деген пікірде. Саясаттану­шы­ның пайымдауынша, жаңа құрам ә дегеннен үлкен өз­геріс­тер ен­гізе қоймайды. Жарты жыл не­ме­се бір жылдан соң саяси сах­нада өз­герістер орын алуы мүм­кін. Сон­дықтан Расул Жұмалы жаңа сай­лан­ған депутаттарды аяқтан шал­май, керісінше қоғам болып қол­дауға ша­қырды. Расында төменгі палата бұл жолы ай­тарлықтай жаңарды. Бұған дейін­гі шақырылымдарда ескі құ­рамның 70-80 пайызы депу­тат­тық мандатты қайта иеленсе, бұл жо­лы Мәжіліске жаңа есімдер көп­теп келді. Прези­дент айтқандай, Пар­ламентте білік­ті, абыройлы аза­маттардың қатары артты. Төменгі па­латада 10-20 жыл­дап отырған зей­неткерлер, еш­қан­дай мәселе кө­термеген, бар-жоғы бі­лінбеген депу­таттар орнын бо­сат­ты. «Nur Otan» партиясының Мә­жі­ліс­­тегі фракциясы 70 пайызға жаңар­­­­­ды. Билеуші партия атынан де­­­путаттық мандатқа ие болған 76 аза­­маттың 36-сы – праймериз жеңім­­­паздары болса, 40 депутат пар­­тия саяси кеңесінің квота­сы­мен бе­кітілген. Нұротандықтар «Сай­лау туралы» және «Саяси пар­тиялар ту­ралы» заңдарға 2020 жылы ен­гі­зіл­ген өзгеріс талаптары орындалға­нын, партия фракциясы жаңа құра­мының 40 пайызы әйел­дер мен 35 жасқа дейінгі жас­тар­дан тұратынын атап өтті. Мәжіліс­тен 12 орын алған «Ақ жол» мен 10 ман­датқа ие болған «Қазақстан халық партиясы» да егде жастағы депутаттарын азайтқанын аңғару қиын емес. Жаңарған Парламенттің қарым-қабілеті қабылда­ған заңдары мен шешкен мәселе­лері­нен көрінбек. Халық сайлаған қа­лаулылар мен елеулілер елді өрге сүй­рей ме, кері тарта ма – уақыт сы­н­­­шы.