«Ұйғыр әйелдері бала туатын машина емес»: Twitter Қытай елшілігінің парақшасын бұғаттады

«Ұйғыр әйелдері бала туатын машина емес»: Twitter Қытай елшілігінің парақшасын бұғаттады

«Ұйғыр әйелдері бала туатын машина емес»: Twitter Қытай елшілігінің парақшасын бұғаттады
ашық дереккөзі
Twitter Қытайдың АҚШ-тағы елшілігінің ұйғырлар туралы жазбасынан кейін ресми парақшасын бұғаттады, – деп жазды Bloomberg агенттігі. Жазбада елшілік Бейжіңнің Шыңжаңдағы саясатын қорғап, бұл аймақта ұйғыр әйелдерін бала көтеру мүмкіндігінен айыру жұмысы жүріп жатыр деген айыпты жоққа шығарған. Tengrinews.kz сайтының жазуынша, «ұйғыр әйелдері енді бала туатын машина емес» делінген жазба 7 қаңтарда жарияланған, алайда Twitter бұл жазбаны бір тәуліктен кейін «Бұл твитті оқу мүмкін емес» деп өшіріп тастады. Bloomberg мәліметінше, Twitter аккаунтты қайтару үшін парақша иесінен мұндай жазбаларды өзі өшіруін сұраған. «Бұл твитте жазба иесі біздің адамгершілікке қарсы саясатымызды бұзып отыр, сол үшін осындай әрекетке бардық», – дейді Twitter өкілі.