Жаңалықтар

«Коронавирусқа қарсы вакцина салдырған қазақстандық қайтыс болды»: министрлік түсіндірді

ашық дереккөзі

«Коронавирусқа қарсы вакцина салдырған қазақстандық қайтыс болды»: министрлік түсіндірді

Денсаулық сақтау министрлігі коронавирусқа қарсы вакцина салдырған қазақстандық қайтыс болды деген хабарламаға пікір білдірді. Желіде тарап жатқан хабарламада Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы Батыр ауылының тұрғыны вакцина салдырып, кейін қайтыс болғаны айтылған: «Асқар Төңгеұлы бауырымыз вакцина салғаннан кейін қайтыс болыпты! Вахтаға кетер алдында КВИ тестен өтіп және вакцина салдырған, көп ұзамай қайтыс болған. Асқар бауырымыздың туғандарына қайғырып көңіл айтамын!».