Оралда бес қабатты тұрғын үйдегі өрттен 38 адам эвакуацияланды

21 қаңтар, 2021 / Асыл ТҰМАР
ашық дереккөзі
Оралда бес қабатты тұрғын үйдегі өрттен 38 адам эвакуацияланды БҚО ТЖ департаментінің мәліметінше, оқиға 21 қаңтар күні сағат 00.29-да Мұхит көшесі 134-мекенжайында болған. Осындағы №59 пәтерде жеке заттар мен жиһаз отқа оранды. Құтқарушылар 38 адамды үйден шығарса, соның 9-ы – кішкентай балалар. «Тілсіз жау» сағат 00.59-да толықтай ауыздықталды. Өрттің шығу себебі мен келтірілген шығын анықталу үстінде», – делінген ТЖД таратқан ақпаратта. БҚО денсаулық сақтау басқармасының нақтылауынша, жедел жәрдем сағат 00.30-да шақырылып, екі бригада алты минуттан кейін жетті. Орта дәрежелі газбен уланған 22 жастағы жігіт қалалық көпбейінді ауруханаға жеткізілді.