Оралда бес қабатты тұрғын үйдегі өрттен 38 адам эвакуацияланды

Оралда бес қабатты тұрғын үйдегі өрттен 38 адам эвакуацияланды

Оралда бес қабатты тұрғын үйдегі өрттен 38 адам эвакуацияланды
ашық дереккөзі
БҚО ТЖ департаментінің мәліметінше, оқиға 21 қаңтар күні сағат 00.29-да Мұхит көшесі 134-мекенжайында болған. Осындағы №59 пәтерде жеке заттар мен жиһаз отқа оранды. Құтқарушылар 38 адамды үйден шығарса, соның 9-ы – кішкентай балалар. «Тілсіз жау» сағат 00.59-да толықтай ауыздықталды. Өрттің шығу себебі мен келтірілген шығын анықталу үстінде», – делінген ТЖД таратқан ақпаратта. БҚО денсаулық сақтау басқармасының нақтылауынша, жедел жәрдем сағат 00.30-да шақырылып, екі бригада алты минуттан кейін жетті. Орта дәрежелі газбен уланған 22 жастағы жігіт қалалық көпбейінді ауруханаға жеткізілді.