Ақтөбеде коронавирусқа қарсы дәрі-дәрмектер қоймада жоқ болып шықты
Ақтөбеде коронавирусқа қарсы дәрі-дәрмектер қоймада жоқ болып шықты
«Ақтөбе-адалдық алаңы» жобалық кеңсесі, Ақтөбе облыстық Денсаулық сақтау басқармасы мен қоғамдық ұйым өкілдері дәрі-дәрмек қорына арнайы мониторинг жүргізді. Қоймада тиісті тізімдегі 8 дәрі-дәрмек жоқ болып шықты.
COVID-19 дертіне қарсы 44 түрлі дәрі-дәрмектің 8-і Ақтөбе облысына осы күнге дейін жеткізілмеген.
«Қазіргі кезде флуконазол, фондапаринукс, эпинефрин, эноксапарин, неостигмин, хлоропирамин, дексаметазон, метилпреднизолон дәрісі «СҚ-Фармация» АҚ-ның Ақтөбедегі қоймасында жоқ. «Тапсырыс берілген, жолда» деп айтады. Негізі барлығы қоймада сақталып тұруы керек. Бізге 2020 жылдың соңында бәрі толық жеткізілетінін айтқан болатын. Бірақ іс жүзінде орындалмаған», – деді «Ақтөбе-адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Жанболат Тұртаев.