Садыр Жапаров Қырғызстан Президенті болып ресми сайланды

21 қаңтар, 2021 / Асыл ТҰМАР
ашық дереккөзі
Садыр Жапаров Қырғызстан Президенті болып ресми сайланды Қырғызстанның Сайлау және референдумдар өткізу жөніндегі орталық комиссиясы «ҚР Президентін мерзімінен бұрын сайлаудың нәтижесі туралы» хаттаманы бекітті. Құжатқа сәйкес, Қырғызстанда мерзімінен тыс Президент сайлауы өтті деп танылды. ҚазАқпараттың «Кабар» агенттігіне сілтеме жасап жазуынша, электорат тізіміне жалпы саны 3 563 574 сайлаушы енгізілген. Оның ішінде 10 қаңтар күні өткен Президент сайлауына 1 395 513 дауыс беруші қатысты, яғни 39,16%. Президенттікке үміткер Жапаров Садыр электораттың 1 105 248 дауысына немесе барлық сайлаушылардың 79,20% қолдауына ие болды. Өзге кандидаттар: Айта кетейік, президенттікке барлығы 18 кандидат үміткер болды. Сайлау бюллетеніндегі «Барлығына қарсы» бағанын дауыс берушілердің 18 673-і немесе 1,34% таңдаған. «Қырғызстанның Сайлау және референдумдар өткізу жөніндегі орталық комиссиясы сайлауға қатысқан барлық сайлаушылардың 79,20% дауысына ие болған Жапаров Садыр Нургожоевичті Қырғызстан Президенті ретінде таныды. ҚР ОСК қаулысымен Жапаров Садыр Нургожаевичті Қырғызстан Президенті ретінде тіркеу, оған ҚР Президенті ретінде сайлануы туралы куәлікті беру, айырықша белгілер – төсбелгі мен оның аты-жөні және лауазым мерзімі жазылған Президент Штандартын (туын) тапсыру белгіленді», – делінген ақпаратта. Еске салайық, биылғы 10 қаңтарда Қырғызстанда мерзімінен бұрын Президент сайлауы өтті.