Бейсенбі, 9 Ақпан, 2023

Трамп Ақ үйден кетті

АҚШ президенті Дональд Трамп пен әйелі Ақ үйдегі кеңсені босатты, деп хабарлайды BBC.

Ақ үйдің ауласының ішіндегі көгалға қонған АҚШ Әскери-теңіз күштерінің тікұшағыны көмекшілер қалған жүктерді асығыс тиеген. Ал тікұшақтың дәл осылай Ақ үйдің ауласына қонғаны өте ерекше жағдай. Себебі тікұшақ соңғы рет 1974 жылы Ричард Никсонды Уотергейт дауының салдарынан қызметінен босаған кезде осылай алып кеткен.

Сондай-ақ Трамп Джо Байденнің инаугурациясына қатыспайтынын мәлімдеді. Осылайша бір жарым ғасырдан астам уақыт жалғасып келе жатқан билікті тапсыру рәсімін үзді.

Ақ үйден аттанған Дональд Трамп Мэриленд штатындағы Эндрюс әуе базасына келіп, сондағы жақтастарының алдында сөз сөйлеп, содан кейін Флоридаға ұшып кетеді.

Байқау айқын
Байқау айқын

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button