Кеген ауданында айсберг пайда болды (видео)

Кеген ауданында айсберг пайда болды (видео)

Кеген ауданында айсберг пайда болды (видео)
ашық дереккөзі
Алматы облысы Кеген ауданына қарасты Кеген және Шырғанақ ауылдарының арасында әдемі «айсберг» пайда болды. Таңғажайып көріністі тамашалауға жергілікті тұрғындармен қатар басқа өңірлерден туристер келе бастаған. Олар әлеуметтік желілерде суреттерімен бөлісе бастаған. Жергілікті тұрғындардың айтуынша осы бір таңғажайып «айсберг» биыл қыста ғана осындай әдемі қалыпқа түскен. айсберг «Бұл негізі жердің астынан атқылап шығатын артезиан суы. Жазда айналасы жайқалып тұрады. Ал қыс мезгілі келісімен жаңа жылдың қарсаңына қарай бойын 14 метрге дейін көтеріп, мұз болып қатып, суретке түсуге дайын болады. Кейде достарымызбен жаңа жылды осы Айсбергке келіп қарсы алатынбыз. Бұл менің Кегенімнің көркем жерлерінің бір бөлшегі. Қонақ болып келіңіздер», – деп жазды қазақстандық әнші Жігер Ауыпбаев. Бұл жердің ерекшелігі - судың буланған күйі биікке көтеріледі, осының арқасында «айсберг» түтін шыққан мұзды жанартауға ұқсайды. Бұл көрініс таңғалдырмай қоймайды, себебі жанартаудан отты лава атқылағанын көріп үйренгендерге, суық мұзды көру мүлде жаңа дүние. [video width="640" height="800" mp4="https://turkystan.kz/uploads/resized-images/2021/01/whatsapp-video-2021-01-20-at-19.17.59.mp4"][/video]