«Uly Dala Jastary» байқауының жеңімпаздары өнер академиясына емтихансыз қабылданды

20 қаңтар, 2021 / Асыл ТҰМАР
ашық дереккөзі
«Uly Dala Jastary» байқауының жеңімпаздары өнер академиясына емтихансыз қабылданды

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында 11-15 қаңтар аралығында онлайн форматта «Uly Dala Jastary» атты III республикалық жас хореографтар байқауы өтті. Жыл сайын дәстүрлі түрде өткізілетін конкурс Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясына шығармашылық емтихансыз қабылдануға мүмкіндік береді.

Сайысты өнер академиясының «Хореография» факультеті ұйымдастырды.

«Биыл ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы. Осыған орай, дәстүрлі «Uly Dala Jastary» байқауын үшінші рет өткіздік. Пандемия жағдайына байланысты игі үрдісті тоқтатып қойғымыз келмеді. Карантиндік шектеулерді сақтай отырып, онлайн форматында өткізуді құп көрдік, үлкен тәжірибе болды. Талантты жасқа серпін беретін бұл бастаманың негізгі қолдаушысы болған академия ректоры Ақан Жылқышыбайұлына алғысымызды жеткізгім келеді. Экранның ар жағынан барын салып, бойындағы дарынын көрсетуге тырысып баққан қатысушылардың өнеріне шынайы тәнті болдық» – дейді Хореография факультетінің деканы Дмитрий Сушков.

Конкурсқа қатысушылардың барлық жұмысы жоғары білікті қазылар құрамымен қаралып, бағаланған. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақ ұлттық хореография академиясының профессоры А.Т.Алишева қазылар алқасының төрағасы болса, қазылар алқасының мүшелері өнер ошағына айналған Жүргенов академиясының белді ұстаздар қауымынан құралған.      

Бұл өнер бәйгесіне Қазақстанның түкпір-түкпірінен үміткерлер қатысқан. Байқаудың ерекшелігі – жеңімпаздар (1 дәрежелі лауреаттар) мәдениет саласында жүрген талай тарланның тұсауын кескен Т.Жүргенов атындағы ҚазҰӨА-на шығармашылық емтихансыз қабылдану мүмкіндігін иемденді.

Байқау нәтижелері төмендегідей:

«Хореография педагогикасы» дайындық бейіні бойынша:

«Қазіргі заманғы хореография педагогикасы» дайындық бейіні бойынша: 
«Балетмейстерлік өнер» дайындық бағыты бойынша»: 
Сайыс қорытындысы 15 қаңтар күні белгілі болды. Бұл шара еңсемізді тіктеп, қанатымызды кең сермеуге сеп болған қастерлі қазынамыз – Тәуелсіздікке 30 жыл толуына орай өткізілді. Ұйымдастырушылар өнер ошағында жастарға рух беретін айтулы шаралар легі мұнымен тоқтамайтынын айтты.