Коронавирустың симптомсыз түрін жұқтырғандар әлдеқайда қауіпті – маман пікірі

Коронавирустың симптомсыз түрін жұқтырғандар әлдеқайда қауіпті – маман пікірі

Коронавирустың симптомсыз түрін жұқтырғандар әлдеқайда қауіпті – маман пікірі
ашық дереккөзі
Медицина ғылымдарының докторы, эпидемиолог Сәкен Әміреев COVID-19-дың симптомсыз түріне шалдыққандар коронавируспен ауырғандардан әлдеқайда қауіпті екенін айтады. ҚазАқпараттың жазуынша, дәрігер: «Қазақстанда және көрші елдерде ахуалдың тұрақталғаны байқалады. Алайда, бұл ешқандай проблема жоқ дегенді білдірмейді. Бұған карантин шараларының арқасында қол жеткізіліп отыр. Дегенмен, карантин шараларын сәл ғана босаңдатса, бірден ушығып кетеді. Сондықтан босаңсуға болмайды. Коронавирусқа қатысты айта кетер жайт, адамдардың 70 пайызы оның симптомсыз түрін бастан кешіреді. Осыған байланысты көпшілік симптомсыз өткені жақсы деп ойлайды. Жақсы ештеңесі жоқ. Бұл адамдар өзгелерге жұқтырады. Олардың өздері ауырмағанымен коронавирусқа шалдыққандарға қарағанда әлдеқайда қауіпті», – деп атап өтті. Оның түсіндіруінше, коронавирустың симптомды түрімен ауырған адамдар оқшауланып, емделеді. Ал вирустың симптомсыз түрін жұқтырғандар тест тапсырмастан емін-еркін жүре береді. Сол арқылы ол айласындағы дені сау адамдарға вирус жұқтырады.