Қостанайда «бомба қойылды» деген үйдің тұрғындары эвакуацияланды

Қостанайда «бомба қойылды» деген үйдің тұрғындары эвакуацияланды

Қостанайда «бомба қойылды» деген үйдің тұрғындары эвакуацияланды
ашық дереккөзі
Облыстық полиция департаменті Қостанай қаласында «тұрғын үйге бомба қойылды» деген оқиғаға қатысты ресми мәлімдеме жасады. «Бүгін шамамен сағат 15:05-те «Оңтүстік» полиция бөлімшесіне Лермонтов көшесіндегі тұрғын үйге жарылғыш заттың қойылғанын хабарлады. Бұл ғимарат бұған дейін балабақша болған, кейін тұрғын үй ретінде қайта жөндеуден өтті. Оқиға орнына тиісті қызмет өкілдері жұмылдырылды, ақпарат тергеп-тексеріліп жатыр», – деді ведомствоның баспасөз қызметі. Қазір Лермонтов көшесіндегі 18-үйдің тұрғындары уақытша эвакуацияланды. Тұрғын үй аумағында криминалистер жұмыс істеп жатыр.