2020 жылы елімізде ең көп сатылған көліктердің үздік бестігі белгілі болды

2020 жылы елімізде ең көп сатылған көліктердің үздік бестігі белгілі болды

2020 жылы елімізде ең көп сатылған көліктердің үздік бестігі белгілі болды
ашық дереккөзі
2020 жылы Қазақстанда ресми дилерлер 89 мыңнан астам жаңа көлік сатқан. Бұл туралы «ҚазАвтоӨнеркәсіп» автокөлік саласындағы кәсіпорындар одағы хабарлады. «Былтыр ресми дилерлер 89 097 көлікті сатты. Бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 24,8 пайызға жоғары. 2020 жылы қазақстандықтар жаңа жеңіл көліктерді алуға 808,6 млрд теңге (1,9 млрд АҚШ доллары) жұмсаған, бұл 2019 жылғы деңгейден 23,6 пайызға артық», – делінген кәсіпорын таратқан мәліметте. Көлік сатып алушы 63 541 адамның таңдауы (71,3 пайызы) отандық зауыттардың өніміне тоқтаған. Сонымен қатар, былтыр сатылған 25 556 автокөлік (28,7 пайызы) импортқа тиесілі болып отыр. Бұл мерзімде елімізде сұранысы жоғары жеңіл көлік брендтерінің арасындағы үздік бестікте Hyundai (17 928 көлік), Lada (17 453), Toyota (10 081), Chevrolet (10 029) және Ravon (7 137) көш бастады. Мұнымен қоса, сатылымы жоғары болған ТОР-ондықта – KIA (6 004 көлік), GAZ (3 241), Renault (2 643), Volkswagen (2 552 ) және JAC (2 450) бар.