Назар салыңыз: зейнетақы жинағын тексерудің бірнеше әдісі бар

20 қаңтар, 2021 / Асыл ТҰМАР
ашық дереккөзі
Назар салыңыз: зейнетақы жинағын тексерудің бірнеше әдісі бар Жыл басталғалы бері азаматтарда зейнетақы жинағын тексеруге, есептеуге және шешіп алуға қатысты сұрақ көп. Осыған орай Бірыңғай зейнетақы жинақтау қоры (БЖЗҚ) зейнетақы жинағы туралы ақпарат алудың бірнеше әдісін атады. БЖЗҚ салымшыларына ыңғайлы болу үшін зейнетақы жинағы туралы ақпарат алудың бірнеше әдісі бар: БЖЗҚ-ның аймақтық филиалдарынан қызмет алу үшін қордың enpf.kz веб-сайтындағы «Электрондық қызметтер» бөліміндегі арнайы форманы толтырып, салымшыға ыңғайлы келу уақытын таңдап, дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін алдын ала жазыла аласыз. Барлық сауал бойынша 1418 тегін нөміріне хабарласуға болады.