«Nur Otan» партиясы Алматы қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары тағайындалды

«Nur Otan» партиясы Алматы қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары тағайындалды

«Nur Otan» партиясы Алматы қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары тағайындалды
ашық дереккөзі

«Nur Otan» партиясы Алматы қалалық филиалының төрағасы, қала әкімі Бақытжан Сағынтаев бюро мүшелеріне партияның қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары 33 жастағы Мейіржан Отыншиевті таныстырды.

Мейіржан Отыншиев 2019 жылдың наурыз айынан бастап Алматы қаласы Тұрғын үй саясаты басқармасы басшысының орынбасары болған.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың, Қарағанды экономикалық университетінің және Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының түлегі. Бюро мүшелері ұсынылған кандидатураны бірауыздан қолдады. Алматы әкімі Станислав Канкуровқа атқарған жұмысы үшін алғысын білдірді. Ол қалалық мәслихаттың хатшысы болып сайланды.