Жаңалықтар

Трамп жаңа партия құрмақ

ашық дереккөзі

Трамп жаңа партия құрмақ

Бүгін АҚШ президенті қызметін аяқтаған Дональд Трамп өзінің жақтастарымен жаңа партия құру мәселесін талқылап жатыр деп хабарлайды америалық БАҚ өкілдері сенімді дереккөздеріне сілтеме жасап. «Дереккөздерінің мәліметінше, Трамп мырза өзінің партия құру туралы ойын өткен аптада бірнеше көмекшісілері мен өзге де жақын адамдарына айтқан. Президент ол партияны «Патриоттық партия» деп атауды ұсынған», – деп хабарлайды Dow Jones агенттігі. Агенттік «Трамптың жаңа партия құруға қаншалықты байыпты қарап отырғаны әзірге белгісіз, өйткені партия құру едәуір уақыт пен қаржы шығынан талап етеді» деп атап өткен. Dow Jones жаңа партия құрудағы кез келген әрекет Республикалық партия жетекшілері тарапынан белсенді оппозицияға тап болатынын жазады.