Бейсенбі, 9 Ақпан, 2023

Forbes ең жомарт миллиардерлердің рейтингін жариялады

Америкалық Forbes басылымы АҚШ-тың ең жомарт миллиардерлерінің рейтингін жасады. Басылым олардың өмір бойы қайырымдылыққа қанша қаражат жұмсағанын есептеді.

Басылымның мәліметінше, 42,8 миллиард долларды қайырымдылыққа жұмсаған медиа-магнат Уоррен Баффет жомарт миллиардерлер тізімінде көш бастап тұр. Баффеттің жалпы дәулеті 88,8 миллиард долларға бағаланады. Негізінен ол денсаулық сақтау мен кедейлікпен күресуге ақша бөледі. 2010 жылы Баффет The Giving Pledge бағдарламасын бастап, америкалық миллиардерлерді байлығының кем дегенде жартысын қайырымдылыққа беруге шақырды. Ал Баффеттің өзі байлығының 99%-ын  үлестіріп беруге уәде берді.

Рейтингте екінші орында Билл және Мелинда Гейтс тұр. Олардың байлығы 120,7 миллиард долларға бағаланып отыр, ал қайырымдылықтың жұмсаған қаржылары – 29,8 миллиард доллар. 2020 жылы ерлі-зайыпты екі жыл ішінде COVID-19-бен күресуге 1,75 миллиард доллар жұмсауға уәде берді.

Джордж Сорос Forbes рейтингінде үшінші орынға ие болды, ол сомасы 16,6 млрд доллар жұмсаған. Миллиардердің қазіргі жағдайы – 8,6 млрд доллар. Оның «Ашық қоғам» қорлары әлемнің 120 елінде жұмыс істейді, демократия мен сайлаушылар құқығын қорғауға назар аударады. Сонымен қатар, өткен жылы ол кемсітушілікке қарсы күреске, адам құқықтарын қорғауға және журналистиканы қолдауға 1,2 миллиард доллар бағыттады. Covid-19 пандемиясы басталғалы бері Сорос АҚШ-тағы заңсыз мигранттарға медициналық көмекке 37 миллион доллар бөлді.

Төртінші орынды Нью-Йорктің бұрынғы мэрі Майкл Блумберг иеленді, басылым оның байлығын  54,9 миллиард долларға, ал жасаған қайырымдылығының жалпы сомасын 11,1 миллиард долларға бағалап отыр.

Жомарт миллиардерлер рейтингінде Amazon компаниясының негізін қалаушы Джефф Безостың  бұрынғы әйелі Маккензи Скоттың (қайырымдылыққа 5,83 миллиард доллардан астам қаражат бөлген, 5-орын), сонымен қатар Facebook басшысы Марк Цукерберг пен оның әйелі Присцилла Чан (2,7 миллиард доллар, 10-орын) да бар.

Байқау айқын
Байқау айқын

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button