Жаңалықтар

Смартфондағы қосымшалар арқылы адамның жеке деректері қалай ұрланатыны белгілі болды

ашық дереккөзі

Смартфондағы қосымшалар арқылы адамның жеке деректері қалай ұрланатыны белгілі болды

"Роскачество" сандық сараптама орталығының жетекшісі Антон Куканов "Российская" газетаға берген сұхбатында смартфон арқылы адамды қалай бақылауға болатынын айтты. Оның айтуынша, телефон арқылы бақылау үшін адамдарға арнайы білім мен дағдылар қажет емес, әдістерді заңды және заңсыз деп бөлуге болады. Мысалы, ата-аналар баласын арнайы қосымшалар арқылы басқара алады. Алайда, сарапшы мұндай қосымшалар бақылаудың заңсыз нұсқасы екенін ескертті, өйткені әдетте балалар өздерінің бақылауда екенін білмейді. Кукановтың сөзінше, смартфон адам жайлы көп ақпарат бере алады, мәселен, оның жүрген-тұрған жері, демалған орны жайлы.  "Мәселе тек осы ақпаратты кім иеленетіндігінде", - деп атап өтті ол. Маманның айтуынша, жарнаманың зияны жоқ. Егер қауіп-қатерге келсек, зиянсыз қосымша түрінде телефонға кездейсоқ орнатылатын вирустар қауіп туғызуы мүмкін. Куканов белгілі бір рұқсаттарды алғаннан кейін мұндай қосымшалар смартфон иесін аңду, жеке және төлем деректерін ұрлау мақсатында қолданылуы мүмкін екенін түсіндірді.