Жаңалықтар

Дәрігерлер коронавирустан көз жұмғалы жатқан науқастың соңғы тілегін орындады

ашық дереккөзі

Дәрігерлер коронавирустан көз жұмғалы жатқан науқастың соңғы тілегін орындады

Ұлыбританияда аурухана дәрігерлері коронавирустан көз жұмғалы жатқан науқастың соңғы тілегін орындап, оған сыра әкеліп берді. Бұл туралы Daily Star хабарлады. Қарқынды терапия қоғамының құрметті хатшысы доктор Шондипон Лаханың айтуынша, Солтүстік-батыс Англия аймағындағы ауруханалардың бірінің дәрігерлері өлер алдында әйгілі ирландиялық стаутты ішсем деген соңғы тілегін орындады. Аурухана қызметкерлері оған бір пинта сыра әкеліп берген, науқас оны ол көз жұмғанша ішіп тауысыпты. "Дәрігерлер науқастардың туған-туыстарымен телефон арқылы немесе видеобайланыс арқылы сөйлесуге мәжбүр. Көбінесе әңгіме пациенттің тірі қалмайтыны белгілі болған кезде емдеуді тоқтату жөнінде болады. Науқастардың жақындарына мұндай хабарды жеткізу өте қиын", - дейді Лаха.