Тоңазытқышта көз жұмған сәби: Айыпталушылар сот үкімімен келіскен жоқ

Тоңазытқышта көз жұмған сәби: Айыпталушылар сот үкімімен келіскен жоқ

Тоңазытқышта көз жұмған сәби: Айыпталушылар сот үкімімен келіскен жоқ
ашық дереккөзі
Атырауда тоңазытқышта көз жұмған сәби ісі бойынша облыстық перзентхананың бас дәрігері мен қылмысқа қатысы бар деп танылған басқа да қызметкерлерге қатысты сот үкімі шықты. Облыстық перинаталдық орталықтың бұрынғы бас дәрігері Қуаныш Нысанбаевты 18 жылға бас бостандығынан айыру жазасы кесілгені туралы бұған дейін де хабарланды. Акушер-гинеколог Асқар Қайыржанды 16 жыл бас бостандығынан айыру туралы,И Акушер Жамила Құлбатырованы 15 жылға соттау туралы үкім шықты. Сонымен қатар неонатолог-дәрігерлер Нұрмұхамбетов пен Жұмабаеваны 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айырды. Бірақ айыпталушылардың барлығы дерлік сот шешімімен келіспейтінін айтты. Өзіне қатысты үкімді естіген акушер-гинеколог Асқар Қайыржан «Мен келіспеймін!» деп, кабинаның әйнегін ұра бастаған. Содан кейін судья Гүлмира Дәулетова қарауылдардан оны залдан алып кетуді сұраған. https://www.youtube.com/watch?v=VRptHmkKS-A&feature=youtu.be Қуаныш Нысанбаевқа шығарылған сот үкімін естіген оның әйелі судьяға қаратып «Cіздерді Антикор басқарып отыр» деп айқайлаған. Акушер Жамила Құлбатырова (ол 15 жылға сотталды) да сот үкімімен келіспейтінін айтты.
«Дәрігерлердің айтқанын істедім, еш кінәм жоқ!», - деді Құлбатырова айқайлап.
Судья сотталушылардан «үкім түсінікті ме?», деп сұрады. Нысанбаев «ештеңе түсінікті емес» деп, әділ соттың болмағанын және «Әлімбаева неге мұнда жоқ (кезекші неонатолог), баланы бірінші болып тексерген сол ғой!» деп шағымданған. Оны да қарауыл сот залынан алып кетті. Судья сотталушылар мен адвокаттарға 15 күн ішінде апелляциялық шағым беруі керек екенін ескертті.