Коронавирус: Қырғызстан Pfizer вакцинасынан бас тартатын болды

Қырғызстан Республиканың Денсаулық сақтау министрі Алымқадыр Бейшеналиев Pfizer вакцинасынан бас тартуға оны сақтайтын тоңазытқыштардың болмауы себеп болғанын айтты, – деп жазды РИА Новости.

«Бізге америкалық Pfizer вакцинасы ұсынылды. Біз миллионнан аса дозаны тегін бергіміз келген. Алайда вакцинаны -70 градус температурада сақтау керек, яғни вакцинациялау үшін арнайы тоңазытқыштар қажет. Бірақ бізде мұндай тоңазытқыштар жоқ», – деді министр мемлекеттік «Бірінші радиоға» берген сұхбатында.

Министрдің айтуынша, мұндай температураны ұстап тұра алатын тоңазытқыш шамамен 4 мың доллар тұрады. Ал бюджетте ондай қаражат жоқ.

Back to top button