Жаңалықтар

Моңғол әншілері «Алтайдың ар жағынан келген ару» әнін орындады

ашық дереккөзі

Моңғол әншілері «Алтайдың ар жағынан келген ару» әнін орындады

Моңғолиялық ерлі-зайыпты әншілер А.Анхбаяр мен Б.Чанцалдулам қазақстандық сазгер-ақын Рахым Тынышбайұлының «Алтайдың ар жағынан келген ару» әнін орындап, әлеуметтік желіде танымкал болды, деп хабарлайды Kaznews порталы.   Әншілер өздерінің авторлық құқыққа айырықша құрметпен қарайтынын айтты. «Біз екеуіміз шығармашылық пен авторларға өте құрметпен қараймыз. Кез келген шығарманы автордың рұқсатын алып, содан кейін ғана көпшілікке жария етеміз. Елімізде Моңғолия композиторлары және шығармашылық иелерінің МОСКАП атты ұйымы бар. Олар сазгерлер мен ақындардың авторлық құқығын қорғаумен қатар Азияның 30-дай елімен қарым-қатынас орнатқан. Анхаа өзі сазгер болғандықтан да осы одаққа мүше. Біз жоғарыдағы әнді орындау тілегімізді білдірдік. Содан олар біздің атымыздан Қазақстандағы ұйымдарымен байланысқа шығып, рұқсатын алып берді», - деп жауап береді өнер иесі Б.Чанцалдулам.