«Тақиялы періште» атанған Әлімғазы Райымбековтің неден қайтыс болғаны айтылды

«Тақиялы періште» атанған Әлімғазы Райымбековтің неден қайтыс болғаны айтылды

«Тақиялы періште» атанған Әлімғазы Райымбековтің неден қайтыс болғаны айтылды
ашық дереккөзі
Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Әлімғазы Райымбеков коронавирустан қайтыс болды. Бұл туралы актердің қызы Сурия Райымбекова айтты, – деп жазды Tengrinews.kz. Белгілі қазақстандық актер 19 қаңтарда 86-ға қараған жасында өмірден озды. «Қазақфильм» киностудиясының баспасөз қызметінің мәліметінше, Әлімғазы Райымбековті жерлеу рәсімі ертең Алматы облысы Көксу ауданы Мәмбет ауылында өтеді. Актер былтыр 20 желтоқсанында 85 жылдық мерейтойын атап өткен еді. Оның 10 баласы, 22 немересі және 20 шөбересі бар. Актердің фильмографиясында «Қан мен тер», «Ән қанаттары», «Асуда», «Көк маршрут» сияқты 10-нан аса танымал картина бар.